Әлем • 03 Наурыз, 2021

Марс неге маңызды?

932 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

НЬЮ-ЙОРК – Осы айда Марс планетасының бетіне қонған Perseverance ровері Күн жүйесі туралы маңызды сұраққа жауап табуға үлкен қадам жасамақ. Сондай-ақ қандай да бір тіршілік иесінің ДНК-сын қайдан табуға болатынына да жауап береді. Ровер Марс бетін шарлап, тіршілік белгісін іздеп, өз оттегісін жасап, тікұшақ ұшырып, 2028 жылға жоспарланған келесі миссияға арнап топырақ пен тас жинайды. Бәрі жоспарлағандай өтсе, НАСА Еуропалық ғарыш агенттігінің (ESA) көмегімен топырақ үлгілерін 2032 жылы әкелмек. Бұл – Марстан жерге жеткізілетін алғашқы материал болмақ.

Марс неге маңызды?

Марстан ДНК табу таңғалар­лық нәрсе емес. Perseverance НАСА-ның Реактивті қимыл зертханасындағы (JPL) Ғарыш кемесін құрау цехының (SAF) тазартылған арнайы бөлмесінде құралғанымен, адам ДНК-сы мен микробтардың роверге түсіп кетуінен 100 пайыз сақтану мүмкін емес. Мұндай «микроб қашқындар» 1960-жылдары ал­ғашқы планетааралық миссия­лар жүзеге асырыла бастағанда-ақ белгілі еді. Аталған мәселені Карл Саган секілді бірқатар ғалым атап өтті. Бұл – ғарыш ғылы­мын­дағы әрдайым кезігетін, бас тар­­тылмайтын тәуекел. Себебі ғалымдар ғарыш кемесін бірнеше қабат етіп құрастыратындықтан, әрқайсысын орналастырған са­йын терінің қалдығы мен денеден аққан тамшылар қалады. Сондықтан Калифорния ДНК-ның кішкене бөлігі таяуда ғана Марс бетіне қонғаны сөзсіз.

Ендеше, үлгілер 2032 жылы жерге жеткізілгенде оларды «пла­не­талық деңгейдегі генети­калық тазалау» ережесінен өткізу қажет. Яғни 2015-2020 жылдары роверді құрастыру кезінде SAF-та болған кез келген ДНК-ны, сонымен қатар ғарыш кемесі 2020 жылғы шілдеде ұшырылғанға дейінгі бізге мәлім ДНК-ның бәрінен тазалануға тиіс. Мұндай жоба Weill Cornell Medicine және JPL-дегі зертханамызда жүзеге асырылып жатыр. Робот­ты құрастырар кезде SAF-тың ішінде, айналасында және сыртын­да табылған ДНК-ларды анық­тау арқылы «алға» не «кері» жұқты­руды (генетикалық материал­ды біз жібереміз немесе гене­тикалық материал басқа жақ­тан бізге келеді) болдырмау немесе азайту мақсатында генети­калық карта дайындаймыз.

Кеңес Одағының екі зонды 1971 жылы Марсқа қонғанын, сондай-ақ 1976 жылы АҚШ-тық «Викинг-1» де сонда жеткенін ескерсек, микробтар мен адам ДНК-сының бөліктері қызыл планетаның бетінде жүруі әбден мүмкін. Планетада шаң дауылдар өте көп болғандықтан, сол ДНК-лар оның кез келген бөлігіне ұшып кеткені сөзсіз.

Қуанышымызға орай, біз генетиктер үшін таңғажайып дәуірде өмір сүріп жатырмыз. ДНК-ны анықтау құнының арзандығы жер­дегі өмірдің генетикалық ка­та­логын құрастыруға, SAF-тағы тазартылған арнайы бөл­ме­л­ер­дің генетикалық картасын да­йындауға, сонымен қатар планеталық деңгейдегі геномдық карта жасауға (MetaSUB және Earth Microbiome Project) мүмкін­дік береді. Бұдан бөлек, 2016 жылғы Кэйт Рубинстің миссия­сы ғарышта да ДНК-ны анықтап, жердегі жаңа ағзалармен салыс­тыра алатынымызды көрсетті. Ғарышта, ғарыш кемесінде немесе жердегі қатерлі жағдайға төзе­тін кез келген ағза – Марс бетін­де өмір сүруге лайық басты кан­дидат. Ендеше, Марсқа байқа­май ДНК жіберудің орнына, мақ­сатты түрде жеткізуіміз қажет.

Бәрін былай қойғанда, Марсқа адам жеткізуге технологиялық тұр­ғыда мүмкіндік бар. Олар адам­заттың озық тәсілдерін қол­д­ана алады. Осы мақсатқа қол жет­кізу үшін физикалық, фар­мацевтикалық, биологиялық әдіс-тәсіл жеткілікті. Жаңадан шық­қан кітабым The Next 500 Years: Engineering Life to Reach New Worlds-та ондаған ғарыш­кер­лерге жасалған зерттеу жұмы­сын атап өттім. Онда егіздер Скотт және АҚШ сенаторы Марк Кэлли­лер, Скоттың ғарышта өткізген бір жылдық миссиясы егжей-тегжейлі қарастырылған. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, қазіргі таңда адамзат Марсқа ұшып барып, қосымша иннова­ция мен технологияның көмегі­мен сонда өмір сүре алады.

Бізге Марста тұрақты, жауап­кер­шілікпен және қауіпсіз тұруға мүмкіндігі бар адамдар қажет. Мақсат жерді тастап кетуде жатқан жоқ, бастысы – біздің басқа жерде тіршілік етуімізді қам­тамасыз ету. Марс – «Б» жос­пары емес, «А» жоспары. Әрда­йым осылай болып қала береді.

Өзіміздің және жердегі бар­лық басқа түрлердің жойылып кетуіне жол бермеу – біздің этикалық парызымыз. Ешқандай түрдің келешектегі жағдайы туралы білуге және өмірін сақтауға мүмкіндігі жоқ. Бұл функцияны біз ғана орындай аламыз. Оған қол жеткізу үшін ұзақ мерзімде басқа ғаламшарларға баруымыз керек. Марсты мекендеу – ұзақ өмір сүруге қажетті алғашқы баспалдақ (Венера тым ыстық болғандықтан емес).

Бұған қол жеткізу үшін НАСА-ның бюджетін 1960-жылдар­­дағы деңгейге жеткізу қажет. Ол кезде федералдық бюджет­тің 4,4 пайызын құраған еді (қазір 0,48 пайыз). Сондай-ақ ха­лық­аралық ынтымақтас­тық (Қытаймен де) жасауымыз қажет. Таяуда әріптестеріммен бірге бірқатар ғылыми зерттеу жасап, әуеғарыш медицинасы саласында халықара­лық әріптестікті іске қостық. Оған НАСА, ESA, «Роскосмос» (Ресей) және JAXA (Жапония) өкілдері кіреді. Бірік­кен Араб Әмірліктері мен басқалар да ғарыш биологиясын зерттей бас­тады. SpaceX және Blue Origin секілді көптеген ғарыш агент­тіктері коммерциялық алаң­дарда жұмыс істеуге көшті.

Кей міндеттерді өзіміз таң­даймыз. Бірақ өмірді сақтау міндеті өлім-жітім және жойылып кету мүмкіндігін білумен тығыз байланысты. Адамзаттың өмір­ді басқаруы – өзімшіл және туа біткен ерекше міндет. Өмірді өзі­міз білетіндей сақтауға қажетті дүниені жасау арқылы ғаламда жаңа өмір таба аламыз.

 

Кристофер Э.МЕЙСОН,

Генетик және есептеу биологы, Вилл Корнелл медицина мектебінің доценті. Мейер онкологиялық орталығында, Мемориалды Слоан Кеттеринг қатерлі ісік орталығында, Йель заң мектебіндегі ақпараттық қоғам жобасында, Гарвард медицина мектебінде, Ғарыш генетикасы консорциумында қызмет етеді. Оның «Келесі 500 жыл: жаңа әлемге жету үшін инженерлік өмір» (Next 500 Years: Engineering Life to Reach New Worlds will be published in April 2021) кітабы 2021 жылғы сәуірде жарық көреді

 

Copyright: Project Syndicate, 2021.

www.project-syndicate.org