Еліміздің шұрайлы Шығыс өлкесінің солтүстік-батысындағы Қалба тауының бөктерінде орын тепкен Ұлан ауданының шалғай ауылында орта мектепте оқып жүрген кезден бастап ол мұғалім болуды армандайды. Оған өмірден көрген-білгені мен көкейге түйгені мол, сырлы сөздің қадірін білетін, суырып салма ақындығы елге танымал анасы Зияда Жарболқызының да ықпалы мен ақыл-кеңесі ерекше болды.

Оның үстіне Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары мұғалім мамандығының қадірі де артып тұрған кез-тұғын. Мектеп қабырғасында оқу бағдарламасы бойынша өздері жаттап өскен ұлы Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңіндегі: «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға, Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» деген жолдары да үнемі жадында жаңғырып тұратын.
Содан орта мектептен кейін арман қуып, сол кездегі әсем астана Алматыға келіп, 1948 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының табалдырығын аттады. Оны 1952 жылы табысты аяқтаған соң, ұстаздық еңбегін Алматы облысының Жамбыл ауданындағы «Октябрь» орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастады.
Міне, осылайша бүгінде тоқсан деген толағай жастың төріне шығып отырған, өзінің бүкіл саналы ғұмырын еліміздің рухани-мәдени өмірін өркендетуге, білім беру ісі мен ғылымын дамытуға, қоғамның адамгершілік құндылықтарын нығайтуға арнаған қадірменді ұстаз, қарымды қайраткер, сүйегі асыл, жаны ізгі санаулы ірі тұлғаның бірі – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Күләш Құнантайқызы Құнантаева апамыздың өмірдегі үлкен де үлгілі еңбек жолы басталған еді.
Сөйтіп жаңалыққа жаны құмар жас маман өзінің ізденімпаздығы мен іскерлігі арқасында мектептегі білім беру ісі мен жас жеткіншектерді тәрбиелеудің қыр-сырын тез меңгеріп алды. Оның ұйымдастырушылық қабілеті мен жоғары біліктілігін байқаған тиісті басшы орындар Күләш Құнантайқызын Алматы қаласына шақырып, осындағы Ленин аудандық жастар комитеті мектеп бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындайды. Ол осы қызметте екі жылдай – 1954-1956 жылдары істеді. Одан кейінгі жылдардың бәрін Күләш Құнантайқызының қайраткерлік өсу жолы десе де болғандай. Атап айтқанда, Алматы облыстық жастар комитетінің хатшысы, Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің хатшысы, Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министрінің орынбасары, Алматы шетел тілдері институтының оқу ісі жөніндегі проректоры, одан кейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының ректоры болып абыройлы қызметтер атқарды. Сондай-ақ екі рет ІХ-Х шақырылымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
Низами атындағы Ташкент педагогикалық институты мен еліміздің жоғары оқу орындарының қара шаңырағы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторлық диссертация қорғау кеңесінің мүшесі болды. Кеңестік кезеңде алдымен КСРО Педагогика ғылымдары академиясына, кейіннен Ресей және Грузия Білім академияларына қазақ әйелдері арасынан тұңғыш рет академик болып сайланды. Қазақстан Республикасының Жоғары Аттестаттау комитетінде педагогика және психология ғылымдары саласы бойынша сараптау кеңесінің төрайымы ретінде де қыруар іс атқарды.
Күләш Құнантайқызының ұйымдастырушылық, іскерлік, қайраткерлік қабілетінің жарқырай көрінген кезі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының ректоры болып қызмет атқарған уақытына тура келеді. Елімізде орны бөлек осы бір оқу орнын тапжылмай, табаны күректей он алты жыл бойы басқарған мерзім ішінде институт өз саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Жаңа бағдарламалар, оқу-әдістемелік жұмыстар, оқудан тыс тәрбиелік мәні бар қоғамдық ұйымдар көптеп іске қосылды. Ол кісінің тікелей басшылығымен құрылған «Айгүл» ансамблі әлемге әйгілі болды. Осы кезде шығармашылықпен жұмыс істеуге бейімі бар озат ұстаздар мен тәжірибелі, өз ісіне жан-тәнімен берілген іскер оқытушы-профессорлар қауымы өсіп жетілді. Әйгілі әдебиеттанушы ғалым, академик Зәки Ахметов, белгілі композиторлар Бақытжан Байқадамов, Өмірбек Байділдаев, Кеңес Одағының Батыры Құдайберген Сұрағанов, тілші ғалым-профессорлар Әбжан Құрышжанов, Сейілбек Исаев, Алтай Аманжолов, физик-математик ғалымдар Дәулет Үмбетжанов, Әжімұхан Жамалов, өнертанушылар – Марат Балтабаев, Галина Қарамолдаева, Ағайша Исағұлова сынды т.б. білікті ұстаздар еңбек етті.
Бұл орайда қадап айта кететін нәрсе, сол кездегі «Қазақстанда педагог-ғалымдар шамадан тыс көбейіп кетті, жалпы Қазақ мемлекеттік қыздар институты керек пе, әлде керек емес пе? Ендігі жерде қазақ қыздары үшін арнайы дербес жоғары оқу орнының қажеті жоқ шығар...» деген сыңайдағы сыңаржақ әңгімелер шығып, аталған институттың тағдыры қыл үстінде тұрғаны белгілі. Осындай бір шешуші кезеңде Күләш Құнантайқызы өзінің дәлелді пікірлерімен, орынды ойларымен тиісті орындарға шығып, олардың көзқарасының дұрыс емес екеніне көздерін жеткізіп, институтты арашалап алып қалуға ерен еңбек сіңірген болатын.
Күләш Құнантайқызы оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, студенттердің білім сапасын жақсарту мен оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми әлеуетін арттыруға, білім ордасын Кеңес Одағы көлеміндегі алдыңғы қатарлы оқу орнына айналдыруға бар ынта-ықыласымен, ерекше күш-жігерімен аянбай әрекет етті. Бұл іске республиканың сол кездегі бірінші басшысы, халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ерекше қолдау көрсетті. Төрт қабатты заманауи жаңа оқу ғимараты, студенттерге арналған төрт бірдей әрқайсысы 300-400 орындық типтік үлгідегі жатақхана салынып, пайдалануға берілді. Ұлан-байтақ еліміздің, қала берді көрші республикалардың әр қиырынан келген қазақ қыздары жатақхана ғана алып қоймай, сол кездегі әсем астана Алматыға ресми түрде тіркелді. Сонымен бірге студент қыздар үшін мың адам бір мезгілде тамақтанатын асхана мен спорттық-сауықтыру кешені, үй-күйсіз жүрген ұстаздарға арналған сексен пәтерлік тұрғын үй берілді.
Академик Қ.Құнантайқызы осы уақытқа дейін монографиялық зерттеулер, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, жекелеген мақалалар жазып, барлығы 360-тан астам ғылыми еңбектің авторы атаныпты. Оның әрбір зерттеу жұмысы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың өзекті мәселелерін кеңінен қарастыруға арналған. Әсіресе, ол кісіні мектеп оқушыларын тәрбиелеуді ұйымдастырудың кең тараған түрі – сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар ерекше қызықтыратын. Бұл мәселені өзінің ғылыми-педагогикалық зерттеу бағытына айналдырған Күләш Құнантайқызы 1966 жылы «Қазақстандағы оқушылардың оқудан тыс еңбек және білім беру бірлестіктері» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Жас педагог ғалым бұл еңбегіне жасөспірімдер мен жеткіншек балаларға білім беріп, тәрбиелеу арқылы оларға ықпал етудің аса маңызды құралы ретінде тамаша адамдардың өмірі мен қызметін үлгі ете, соларға ұқсап бағуға талпындыру қажет екендігін жете саралайды.
Әлеуметтік-экономикалық үде-
ріс жағдайында елдегі рухани-мәдени дамудың аса маңызды көрсеткіштерінің бірі – қоғамдағы әйелдердің орны мен білім дәрежесіне, жалпы хал-жағдайына байланысты екені белгілі. Күләш Құнантайқызы осы мәселені дер кезінде аңғарып, оны өзінің ғылыми-зерттеу нысанына айналдыра білді. Соның нәтижесінде 1981 жылы «Қазақстандағы әйелдерге білім берудің дамуы» (1920-1975 жж.) тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Келесі 1982 жылы осы диссертация негізінде ғалымның «Білім заңғарына жол» атты көлемді монографиясы жарық көрді. Онда ғалым 1920-1975 жылдардағы Қазақстандағы қазақ әйелдерінің тұрмысы мен әлеуметтік орнын, олардың теңдігі мен басқа да гендерлік мәселелерді жүйелі әрі кешенді түрде зерттеп, оларға білім беру, басқару ісіне тарту, қоғамдық өмірге араластыру сияқты сол кезеңдегі ұлт мәдениетінің жалпы жағдайына байыпты барлау жасайды.
Ғалым Күләш Құнантайқызының ұзақ жылдар бойы мұқият зерттеп келе жатқан және бір саласы – жоғары мектептерде педагог-кадрлар даярлау, олардың ұстаздық шеберліктерін дамытып, адамгершілік қасиеттерін нығайту, біліктілікті арттыру мәселелері. Бұл ретте ғалымның әртүрлі жинақтар мен журналдарда жарияланған мақалалары ғылыми тұрғыдан қарағанда аса құнды.
Ол кісінің ғылым-білім саласындағы атқарған қызметі әділ бағаланып, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендері және бірнеше медальмен марапатталуы, еліміздің құрметті атақтарын иеленуі ғалымның еселі еңбегінің айғағындай.
Ұлы Абайдың Отыз жетінші сөзіндегі: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың», деген ұлағатты ойын ұстаным еткен көрнекті педагог-ғалым, ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, академик Күләш Құнантайқызы туралы айтылар жылы сөз аз емес. Ол – 30-ға тарта шәкіртіне ғылыми жетекшілік жасап, докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғатып, үлкен ғылыми мектеп қалыптастырған ғалым. Еліміздің жоғары оқу орындарында жемісті еңбек етіп келе жатқан педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар И.Халитова, С.Ұзақбаева, Ә.Әмірова, П.Сейітқазы сынды т.б. талантты да талапты шәкірттерін Күләш апай әрдайым мақтанышпен еске алып отырады.
Торқалы тоқсан жасқа келсе де Күләш апай әлі тың. Жүрісі ширақ, сөзі тиянақты, әңгімесі орнықты, еңсесі биік. Ойы сергек, жаны сұлу, жүрегі таза. Осының бәрі – туа біткен сабырлы мінезбен үйлесім тапқандай.
Жаны жомарт, пейілі дархан, ерен еңбексүйгіш, шәкірттерінің ардақтысына айналған Күләш Құнантайқызының өмір тарихы мен еңбек жолына қарап отырып, ол кісінің осы жасқа дейін қатардан қалмай, шаршамай-талмай халқына қызмет етіп келе жатқаны баршамызға үлгі боларлық-ау деген ойға келесіз.
Бақтияр СМАНОВ,
ҰҒА академигі
Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте салық мәселесі қаралды
Қазақстан • Бүгін, 17:35
Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Нұр-Сұлтанда әлеуметтік аз қамтылған топтарға қандай көмек көрсетіледі?
Қоғам • Бүгін, 17:16
Үндістанда коронавирустың жаңа мутациясы анықталды
• Бүгін, 17:14
Адам өліміне әкелген жол апатына кінәлі жүргізуші бес жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 16:48
Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді
Қоғам • Бүгін, 16:47
Өскеменде көпқабатты үйдің қабырғасы қарс айырылды
Аймақтар • Бүгін, 16:40
Масаншыдағы дүнген ұлтының өкілдері қазақ тілін үйренуде
Аймақтар • Бүгін, 16:27
Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 16:26
Қазақстан мен Армения саяси кеңес өткізді
Қазақстан • Бүгін, 16:25
Елорда • Бүгін, 16:21
Биыл 1000 мектеп қайта жаңартылады
Білім • Бүгін, 16:11
Ерекше балаларға жағдай жасамаған директорлар жазаланады
Білім • Бүгін, 16:01
Елімізде 2 607 жаңа басқару нысаны құрылды
Қазақстан • Бүгін, 15:37
Шығыс Қазақстанда ғылымның 8 бағыты қамтылды
Ғылым • Бүгін, 15:17
Президентке елдегі блокчейн-технологиялардың дамуы жайында баяндалды
Президент • Бүгін, 15:14
Каспий теңізінен 20 шақты түйенің өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:12
Еліміздің бас санитарлық дәрігері сөгіс алды
Медицина • Бүгін, 15:10
Әскери ұшақтың апатқа ұшырау себебі айтылды
• Бүгін, 14:31
«Эпидемиямен қалай күресу керектігін білемін»: Біртанов бостандық сұрады
Медицина • Бүгін, 14:30
Қордай ауданының Масаншы ауылында техника 60-70 пайызға жаңарған
Аймақтар • Бүгін, 14:18
Елшілік АҚШ пен Қазақстан арасындағы визасыз режимге қатысты пікір білдірді
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қазақстан боксшыларының жейдесінде белгі неге жоқ?
Бокс • Бүгін, 13:28
Қазақстандықтар экологияны ластайтын отын түрлерін тұтынады
Экология • Бүгін, 13:25
Ауа райы • Бүгін, 12:57
Балалар 500 мың теңгеден сатылып жатыр
Қоғам • Бүгін, 12:47
Алты айдан бері үйқамақта отырған Біртановтың фотосы тарады
• Бүгін, 12:31
Көш басында – «Манчестер Сити»
Футбол • Бүгін, 12:21
NIS пен PIIMA ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Білім • Бүгін, 12:18
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Нұрсұлтан Назарбаевтың орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:11
Депутат мұғалім мен дәрігерден өзге қызметкердің де жалақысын көтеруді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 12:05
«Челси» Суперлигадан бас тартады
Әлем • Бүгін, 11:58
Алматыда аялдамадан нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 11:34
Мәжіліс бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы заң жобасын мақұлдады
Парламент • Бүгін, 11:30
Қарағанды маңында қоқыс полигоны өртенді
• Бүгін, 11:19
Маңғыстауда теңіз жағасына шығып қалған итбалық құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 11:14
БҚО-да отырғызылған ағаштар қурап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Ит асыраудың да өз ережесі бар
Қоғам • Бүгін, 11:00
Аймақтар • Бүгін, 10:57
Санкт-Петербургте тағы үш боксшымыз жеңіске жетті
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:51
Президент Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 10:38
Қазақстанда 766 мыңнан аса адам коронавирус вакцинасын салдырды
Коронавирус • Бүгін, 10:28
Аймақтар • Бүгін, 10:10
Жетісу диқандары жер игеріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 10:07
Еліміздің тағы екі өңірі «қызыл» аймаққа кірді
Коронавирус • Бүгін, 10:03
Таразда мектеп оқушылары арасында атыс болған
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етіп жүр
Қоғам • Бүгін, 09:53
Сарыағашта пайдаланылмай жатқан 765 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 09:33
Елбасы Боао форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады
Елбасы • Бүгін, 09:32
Нұр-Сұлтанда жасөспірімдерге арналған «Динамо» аула клубы ашылды
Қоғам • Бүгін, 09:27
Павлодар ауданында алқаптағы құрғақ шөп өртенді
Оқиға • Бүгін, 09:26
Қазақстанда бір тәулікте 2696 адам коронавирусқа шалдықты
Коронавирус • Бүгін, 09:16
Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 252 мыңнан асты
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Техникалық мамандықтар: армандарды жүзеге асырудың мүмкіндіктері
Білім • Бүгін, 09:12
Қостанайда ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:05
Руханият • Бүгін, 08:31
Жаңатастық жүргізушілер жұмада жақсылық жасайды
Қоғам • Бүгін, 08:27
Отандық вакцинаны қолдану жоспарда бар
Медицина • Бүгін, 08:20
Тасқын суларды өткізу жағдайы тұрақты
Қоғам • Бүгін, 08:09
Елбасы • Бүгін, 08:03
Көмір индустриясындағы маңызды келісім
Экономика • Бүгін, 07:59
Аяқ киімді цифрлы таңбалау енгізіледі
Технология • Бүгін, 07:49
Жеке куәліктің қажеті болмайды
Саясат • Бүгін, 07:47
Көлік құралының электронды паспорты
Технология • Бүгін, 07:45
Егуге қарсы адамдардың медицинаға еш қатысы жоқ
Қоғам • Бүгін, 07:45
Сот орындаушылары шектен шығып жүрген жоқ па?
Саясат • Бүгін, 07:43
Руханият • Бүгін, 07:38
«Абай әлемі – адастырмас шамшырақ»
Абай • Бүгін, 07:37
Ұқсас жаңалықтар