Аймақтар • 03 Наурыз, 2021

Экология министрі Қызыл кітапқа енген сілеусіннің видеосымен бөлісті

676 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 наурыз – Дүниежүзілік тұмса табиғат күні. Бүкіл әлемде аталып өтілетін бұл күн туралы қарар 2013 жылғы 20 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 68-ші сессиясында қабылданды.

Экология министрі Қызыл кітапқа енген сілеусіннің видеосымен бөлісті

Дүниежүзілік тұмса табиғат күніне орай ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында пост пен Қызыл кітапқа енген сілеусіннің камераға түсіп қалған видеосын жариялады.

«Бүгін Дүниежүзілік тұмса табиғат күні. Бұл күн бүкіл әлемге табиғатты қорғаудың маңыздылығын еске салуға арналған. Еліміз флора мен фаунаға бай. Қазақстанда өсімдіктердің 6000-нан астам түрі және омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Жеріміздің 13 млн. гектарын орман алып жатыр. Табиғатты қорғау біздің басты міндетіміз. Жыл сайын біз ,,Ақбөкен" табиғатты қорғау акциясына қатысамыз, біздің инспекторлар күн сайын ауа-райының қолайсыздығына қарамастан браконьерлермен күресіп, қоршаған ортаны қорғауға баға жетпес үлес қосуда. Белсенді азаматтардың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ортақ міндеттерді іске асыруға атсалысуы бізге серпін береді», деп жазды ол.


«Жақында Шарын ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусіні камера түсіп қалған болатын, сол видеомен бөліспекпін. Бұл суреттер тұмса табиғатымыздың сұлулығын көрсетеді. Осы бірегейлікті сақтау маңызды», деп толықтырды ол.