«Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған. «Уаз» автокөлігі Арзиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жол жиегінде тұрған екі 8 жастағы және екі 9 жастағы қыздарды қағып кетті. Алматы облысының Полиция департаменті көлікті басқарған Еңбекшіқазақ ауданы Корам ауылының 54 жастағы тұрғынын ұстады. Ол көлікті мас күйінде жүргізген», деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жарақат алған үш бала Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды. Жүргізуші медициналық айықтыру пунктіне орналастырылды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына сәйкес ҚР ҚК 345-1 бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.