Президент • 04 Наурыз, 2021

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

717 рет
көрсетілді
33 мин
оқу үшін
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., №5, 51-құжат; 2004 ж.,№23, 142-құжат; 2006 ж., №9, 49-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №20,152-құжат; 2009 ж., №8, 44-құжат; 2010 ж., №24, 143-құжат; 2013 ж., №14,75-құжат; 2014 ж., №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 118-құжат;№23, 138-құжат; 2015 ж., №22-ІІ, 148-құжат; №22-V, 154-құжат; 2017 ж.,№12, 37-құжат; №14, 51-құжат; №16, 56-құжат; 2019 ж., №21-22, 91-құжат; 2020 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) «aд хoк» дипломатиялық курьері − курьерлік парақ ресімделген, дипломатиялық поштаны жеткізуді жүзеге асыратын жеке тұлға;

2) вализа − дипломатиялық поштаны тасымалдауға арнал­ған пакет, конверт, қап, чемодан, өзге де ыдыс;

3) дипломатиялық курьер – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дипломатиялық қыз­мет органдарында республикалық бюджеттен ақы төле­нетін мемлекеттік лауазымды атқаратын, курьерлік парақ ресімделген, дипломатиялық поштаны жоспарлауды, жиын­тықтауды, ресімдеуді, жөнелтуді, жеткізуді және қабылдауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы дипло­матиялық қызметінің персоналы;

4) дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйым − Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерге, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге және дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларына, персоналы мүшелеріне, Қазақстан Республикасындағы консулдық мекемелердің жұмыскерлеріне қызмет көрсету жүктелген заңды тұлға.

Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң­дарында дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымға өзге де функциялар жүктелуі мүмкін;

5) дипломатиялық пошта – дипломатиялық поштаға жата­тындығы курьерлік парақпен расталатын, ресми құпия емес немесе құпия хат-хабар, заттар немесе техника;

6) курьерлік парақ − Сыртқы істер министрлігінің немесе шет елдегі мекеменің дипломатиялық пошта, дипломатиялық курьер мен «ад хок» дипломатиялық курьері мәртебесін растайтын ресми құжаты;

7) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагері (бұдан әрі − дипломатиялық қызмет ардагері) − бұрын Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналының лауазымын атқарған, жиырма бес жылдан кем емес жалпы еңбек өтілі бар, оның он жылын дипломатиялық қызмет органдарында жұмыс істеген және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адам;

8) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жұмыскерлері (бұдан әрі − дипломатиялық қызмет жұмыс­керлері) – дипломатиялық қызмет органдарында штаттық әкім­шілік-техникалық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызмет­шілер;

9) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкерлерi (бұдан әрі − дипломатиялық қызмет қызметкер­лерi) – дипломатиялық қызмет органдарында штаттық дип­лома­тиялық лауазымдарды атқаратын, әдетте, дипломаттық дәре­жесi бар және құқықтары мен мiндеттерiн дипломатиялық қыз­мет органдарына жүктелген мiндеттер мен функцияларды iске асыру мақсатында жүзеге асыратын мемлекеттiк қызмет­шілер;

10) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналы (бұдан әрі – дипломатиялық қызмет персоналы) – дипломатиялық қызмет қызметкерлері мен дипломатиялық қызмет жұмыскерлері;

11) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі пер­соналының бірге жүретін отбасы мүшелері (бұдан әрі − дип­лома­тиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері) – дипломатиялық қызмет персоналының жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары, кәмелетке толмаған асы­рап алған балалары, сондай-ақ медициналық ұйымның Қазақ­­стан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп­пен беріл­ген қорытындысына сәйкес күтіп-бағуға мұқтаж еңбек­ке жарамсыз кәмелетке толған балалары және (немесе) ата-аналары.

Дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің қатарына осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталғ­ан адамдарды қосу тәртібі, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-ана­ларын қосудың айрықша жағдайлары Қазақстан Респуб­ликасы дипломатиялық қызметінің персоналын ротациялау қағи­даларында айқындалады;

12) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналының отбасы мүшелері (бұдан әрі − дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшесі) – дипломатиялық қызмет персоналының жұбайы (зайыбы), балалары, асырап алған балалары, сондай-ақ ата-аналары;

13) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі (бұдан әрі − дипломатиялық қызмет) – Қазақстан Республикасы азаматтарының дипломатиялық қызмет органдарындағы Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерi мен халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын кәсiптік қызметi;

14) Қазақстан Республикасының консулдық қызметі – дипломатиялық қызметтің халықаралық құқық жол беретiн шекте қызметі мемлекеттің, Қазақстан Республикасы азамат­та­рының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүд­делерін қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақ­стан Республикасының бас­қа мемлекеттермен достық қатынас­тарын дамытуға және эконо­микалық, сауда, ғылыми-техника­лық, гуманитарлық-мәдени байла­ныстарды және туризм саласын­дағы ынтымақтастықты кеңейтуге жәрдем көрсетуге бағыттал­ған бір бөлігі.

Қазақстан Республикасының консулдық қызметі өз жұмысын Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысына сәйкес жүзеге асырады;

15) Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілет­ті Елшісі – бір немесе бірнеше шет мемлекетпен қатынас­тар­да Қазақстан Республикасын білдіруге Қазақстан Республика­сы­ның Президенті уәкілеттік берген мемлекеттік саяси қызмет­ші;

16) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі – бір немесе бірнеше халықаралық ұйыммен қатынастарда Қазақстан Республикасын білдіруге Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген мемлекеттік саяси қызметші;

17) Сыртқы істер министрлігінің кадр резерві – бұрын дип­ломатиялық қызмет персоналы лауазымдарын атқарған, дипломатиялық қызмет органдарындағы бос немесе уақытша бос лауазымдарға орналасуға үміткер адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған, жүйеленген тізімі;

18) шет елдердегi мекемелер – Қазақстан Республикасының шет елдегі дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдiк­терi, сон­дай-ақ консулдық мекемелерi.»;

2) 4-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Дипломатиялық қызметтiң бiрыңғай жүйесiн Сыртқы iстер министрлiгi, оның ведомстволары, Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі, шет елдердегi мекемелер, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнiң қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдар, ғылыми-зерттеу және оқу орындары құрайды.»;

3) 5-бапта:

5) тармақшадағы «шет елдерде» деген сөздер «шет елде» деген сөздермен ауыстырылсын;

 8-2) тармақшадағы «халықаралық ұйымдардың өкілдік­терімен» деген сөздер «халықаралық ұйымдармен және (немесе) олардың өкілдіктерімен» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 6-бапта:

15) және 16) тармақшалардағы «шет елдерде» деген сөздер «шет елде» деген сөздермен ауыстырылсын;

18) тармақшадағы «шетелдiк дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң» деген сөздер «дипломатиялық өкiлдiктердiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

20) тармақшадағы «шет елдерде» деген сөздер «шет елде» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 27-10), 27-11), 27-12), 27-13) және 27-14) тармақ­шалармен толықтырылсын:

«27-10) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипло­матиялық поштаны жоспарлау, жиынтықтау, ресімдеу, жөнелту, жеткізу, қабылдау және сақтау тәртібін әзірлеу;

27-11) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дип­ломатиялық поштаны пайдалану құқығы бар Қазақстан Рес­пуб­­­ликасы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының тіз­бе­сін әзір­леу;

27-12) шет елдердегі мекемелерде бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;

27-13) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңес­тіріл­ген өкілдігі туралы ережені әзірлеу;

27-14) дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дип­ломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі, (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке алып келмеген мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында біржолғы өтемақы төлеу тәртібін әзірлеу және бекіту;»;

5) 7-бапта:

2-тармақтағы «курьерлік қызметін» деген сөздер «дипло­матиялық поштаны» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақта:

 «шет елдердегі» деген сөздер «шет елдегі» деген сөздермен ауысты­рылсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Шет елдердегі мекемелердің ақпараттық қауіпсіздігін, инженерлік-техникалық, арнаулы және физикалық қорға­луын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды Қазақстан Респуб­ликасының ұлттық қауіпсіздік органдары әзірлейді және Қазақ­стан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;

6) 1-тарау мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

«7-1-бап. Дипломатиялық пошта

  1. Дипломатиялық пошта дипломатиялық қызмет орган­дарының қызметін қамтамасыз етуге, дипломатиялық пошта­дағы мәліметтерді ашуға жол бермеуге, сондай-ақ диплома­тия­лық қызмет органдары арасында жедел байланыс орнатуға ар­нал­ған.

Мемлекеттік құпиялар, сондай-ақ таратылуы шектеулі қызметтік ақпарат бар дипломатиялық поштаны жиынтықтау, ресімдеу, жөнелту, жеткізу, қабылдау және сақтау мемлекеттік құпияларды және таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дипломатиялық пошта Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасының реттеу нысанасы болып табылмайды.

  1. Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелер дип­ломатиялық поштаны жоспарлауды, жиынтықтауды, ресім­деуді, жөнелтуді, жеткізуді, қабылдауды және сақтауды жүзе­ге асырады.
  2. Өз қызметін орындау үшін дипломатиялық поштаны пайдалану құқығы бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары хат-хабарды, заттарды немесе техниканы дипломатиялық пошта арқылы жөнелтеді.
  3. Егер Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдарының дипломатиялық поштада өткізілуіне тыйым салынған хат-хабар, заттар немесе техника бар деп есеп­теуге жеткілікті негіздері болса, дипломатиялық поштаны зерт­теп-қарау және ашу дипломатиялық курьердің немесе «ад хок» дип­ломатиялық курьерінің не дипломатиялық қызмет орган­дарының өзге де уәкілетті өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.
  4. Дипломатиялық поштаға санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау мақсатында дипломатиялық поштасы бар вализа арнаулы қорғау құралдарымен жарақтандырылуы мүмкін.
  5. Дипломатиялық поштаның ішіндегісі үшін жауапкершілік хат-хабарды, заттарды немесе техниканы дипломатиялық поштамен жөнелту үшін оларды ұсынатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ шет елдердегі мекемелердің персоналына жүктеледі.
  6. Дипломатиялық курьерлер мен «aд хoк» дипломатиялық курьерлері дипломатиялық поштаны жеткізу және оның қауіп­сіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттерін орындау кезінде мемлекеттің қорғауында болады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ұйым­дары мен лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде дипло­матиялық поштаны жеткізуде және оның қауіпсіздігі мен сақ­талуын қамтамасыз етуде жәрдем көрсетуге тиіс.

Дипломатиялық пошта Қазақстан Республикасының аума­ғында жоғалған жағдайда, дипломатиялық поштаны іздестіру және күзетуді қамтамасыз ету бойынша іс-қимылды Қазақстан Респуб­ликасының дипломатиялық қызмет органдары мен басқа да мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының заңна­масында белгіленген өз құзыретіне сәйкес жүзеге асырады.

Дипломатиялық пошта шет мемлекеттің аумағында жоғал­ған жағдайда, дипломатиялық поштаның тұрған жерін анық­тау және оны күзетуді қамтамасыз ету бойынша іс-қимыл­ды дипломатиялық қызмет органдары сыртқы барлау субъек­тілерімен келісу бойынша жүзеге асырады.

  1. Сыртқы істер министрлігі:

1) дипломатиялық поштаны жоспарлауды, жиынтықтауды, ресімдеуді, қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады, дипломатиялық поштаны Қазақстан Республикасының аума­ғынан тыс жерге және шет елден Қазақстан Республика­сының аума­ғына жеткізуді ұйымдастырады;

2) өз құзыреті шегінде дипломатиялық поштаны жеткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

3) дипломатиялық поштаны жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді және дипломатиялық курьерлер мен «ад хок» дипло­матия­лық курьерлеріне беруді қамтамасыз етеді;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдармен дипломатиялық пошта мәселелері бойынша, оның ішінде бірлескен нормативтік құқықтық актілерге қол қою арқылы өзара іс-қимыл жасайды;

5) дипломатиялық поштаның жеткізілуін ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де заңды тұлғаларды тартады.

  1. Шет елдегі мекеме:

1) дипломатиялық поштаны жиынтықтауды, ресімдеуді, қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады, Сыртқы істер министрлігінен келіп түсетін дипломатиялық поштаның басқа шет елдердегі мекемелерге жеткізілуін ұйымдастырады;

2) Сыртқы істер министрлігіне жеткізу үшін дипломатиялық пош­таны жиынтықтауды, сақтауды, ресімдеуді жүзеге асырады;

3) дипломатиялық поштаның Сыртқы істер министрлігіне жеткізілуін ұйымдастырады;

4) өз құзыреті шегінде дипломатиялық поштаны жеткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

5) дипломатиялық поштаны жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді және дипломатиялық курьерлер мен «ад хок» дипло­матиялық курьерлеріне беруді қамтамасыз етеді.»;

7) 9-бапта:

1-тармақтағы «мемлекеттік тіл мен орыс тiлiн» деген сөздер «қа­зақ, орыс және шет тілдерін» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтың екінші бөлігіндегі «кері шақырып алады» деген сөздер «босатады» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Халықаралық ұйымдардағы жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасына оралған және халықаралық ұйымға жұмысқа тағайындалғанға дейін тікелей дипломатиялық қызметте болған дипломатиялық қызмет персоналы халықаралық ұйымдағы лауазымынан босатылған күннен бастап үш ай ішінде Сыртқы істер министрлігіндегі лауазымға конкурстық іріктеу жүргізілмей тағайындалады.»;

8) 11-баптың 1-тармағының жетінші бөлігіндегі «тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ережеде айқындалады» деген сөздер «тәртібін Қазақстан Респуб­лика­сының Президенті бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнен жұмыстан босатылған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында немесе болатын елінiң заңнамасында көзделген жауаптылыққа алып келетін іс-әрекет­терді жасаған жағдайда, олардың дипломаттық дәре­жесі төмен­детiлуi немесе дипломаттық дәрежесiнен айырылуы мүмкiн.

Дипломатиялық қызмет органдары жүйесiнен қызметтік тәртiпті бұзғаны, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн босатылған кезде дипломатиялық қызмет қызметкерi бiр мезгiлде дипломаттық дәрежесiнен айы­рылады.

Дипломатиялық қызмет қызметкерін дипломаттық дәреже­сінен айыру немесе төмендету, сондай-ақ оның дәрежесін қал­пына келтіру дипломаттық дәреже берілгендегідей тәртіппен жүр­гізіледі.»;

10) 15-бапта:

1-тармақта:

бірінші бөліктегі «айқындайтын тәртіппен» деген сөздер «бекітетін қағидаларға сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлікте орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тілін­дегі мәтін өзгермейді;

3-тармақта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Шет елдердегi мекемелерде жұмыс істеу арасындағы кезеңде Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiндегі жұмыс iстеу мерзiмi дипломатиялық қызмет қызметкерлерінде кемiнде екi жылды, дипломатиялық қызмет жұмыскерлерінде кемiнде бір жылды құрауға тиiс.»;

үшінші бөлік алып тасталсын;

6-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Осы баптың 3-тармағының күші:

1) осы Заңның 15-2-бабында көзделген жағдайларға;

2) мемлекеттік саяси қызметшілерге;

3) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құры­лымдық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің сыртқы саясат саласындағы өкілеттіктерін іске асы­руды қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын лауазымдарды атқаратын адамдарға;

4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінде халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бірінші орынбасарының және орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының және оның орынбасарларының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын лауазымдарды атқаратын адамдарға;

5) сирек кездесетiн шет тiлдерiн меңгерген дипломатиялық қызмет персоналына қолданылмайды.

Сирек кездесетін шет тілдер тізбесін Қазақстан Республика­сының Сыртқы істер министрі белгілейді.»;

11) 18-бапта:

1-тармақтың 1) және 3) тармақшалары «жұмыскерінің» деген сөздің алдынан «дипломатиялық қызмет» деген сөздермен толық­тырылсын;

2-тармақтың екінші бөлігіндегі «резервіне» деген сөз «кадр резервіне» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 21-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«21-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын және дипло­матия­лық қызмет ардагерлерін көтермелеу»;

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелерді мейрамдауға байланысты ведомстволық наградалармен наградтауға дипломатиялық қызмет ардагерлері ұсынылуы мүмкін.»;

13) 22-баптың 1-тармағындағы және 23-баптың 1-тарма­ғындағы «заң актілеріне», «заң актілерінде» деген сөздер тиісін­ше «заңдарына», «заңдарында» деген сөздермен ауыс­тырылсын;

14) 24-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырыл­сын:

«Шет елдердегі мекемелердің бюджетті жоспарлау, бекіту, қаржыландыру және атқару тәртібін бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайды.»;

5-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Дипломатиялық қызмет органдарын, оның ішінде шет елдегі, мемлекеттік меншіктегі және жалға алынған әкімшілік ғимараттарды, тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен үй-жайларды, сондай-ақ шет елдердегі мекемелердің резиденцияларын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оларға сервистік қызмет көрсету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Дипломатиялық қызмет органдарын материалдық-тех­ника­лық қамтамасыз етуді және оларға сервистік қызмет көр­сетуді өзіне тиісті функциялар жүктелген дипломатиялық өкіл­діктер­мен жұмыс жөніндегі ұйым жүзеге асырады.

Дипломатиялық қызмет органдарына сервистік қызмет көрсету деп: мүліктің тиісті жай-күйін ұстап-тұруға және қал­пына келтіруге; құрылымдық бөлімшелерді жабдықтауға және олардың жұмыс істеуіне; бағдарламалық-ақпараттық және автокөліктік қызмет көрсетуге бағытталған әрекеттер; іс-шара­ларға қызмет көрсету және оларды өткізу жөніндегі ұйымдас­тырушылық және ілеспе әрекеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де әрекеттер түсініледі.»;

15) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:

«24-1-бап. Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және

 халықаралық құқық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу

Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуді Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.»;

16) 25 және 26-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«25-бап. Дипломатиялық қызмет персоналына берiлетiн ке­пiл­дiктер мен өтемақылар

  1. Дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерiн ма­териал­дық және әлеуметтiк қамтамасыз ету өткеретін қызме­тiнiң күрделілігі, онымен байланысты тәуекел, сондай-ақ шет мем­лекеттiң өзiндiк ерекшелiктерi ескерiле отырып ұсы­нылады.

Шет елде болу дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерiн қандай да бір залалға алып келмеуге тиiс. Шет елдегi дипломатиялық қызмет персоналына және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерiне қатысты көмек көрсету және қорғауды ұйымдастыру жөніндегі мiндеттердi шет елдегi мекеменiң басшысы орындайды.

Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уа­қытында ауырған жағдайда, дипломатиялық қызмет қыз­меткерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің Қазақ­стан Республикасының еңбек заңнамасында айқындалған мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар.

Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің жұбайына (зайыбына) немесе «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалатын жақын туыстарының біріне үш орташа айлық жалақы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді, бұл ретте жәрдемақы мөлшері «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақ­стан Республикасының Заңында белгіленгеннен төмен болмайды.

Шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында диплома­тиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қыз­мет жұмыскерінің отбасында бала туылған жағдайда, дип­ломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қыз­­мет жұмыскерінің Қазақстан Республикасының балалы от­ба­сыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заң­на­масында айқындалған мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар.

Шет елдегi мекемеде жұмыс істеген уақытында дип­лома­тиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері ауырған, қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар.

  1. Шет елдегі мекемеге жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің жұбайы (зайыбы) аталған тағайындау туралы шешім қабылданған кезде мемлекеттік қызметте мем­лекеттік лауазымды атқарып жүрген жағдайда, оған Қазақ­стан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп­пен, Қазақ­стан Республикасына оралғаннан кейін оның мем­лекет­тік қызметте бұрын атқарған мемлекеттік лауазымы дип­ло­матия­лық қызмет персоналының шет елдегі мекемеде жұмыс істеу кезеңінде сақтала отырып, дипломатиялық қызмет персона­лының бірге жүретін отбасы мүшесі ретінде жұбайының (зайы­бы­ның) шет елге шығу кезеңіне жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі.
  2. Дипломатиялық қызмет персоналына және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі еңбек жағдайларына сәйкес бюд­жет қаражаты есебінен медициналық қамтамасыз ету ұсынылады.
  3. Шет елдегі мекемеде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналының және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің жыл сайынғы ақы төленетін демалыс берілуіне байланысты екі жаққа көлік шығыстарының төлемін алуға құқығы бар.

Шет елдегі мекемеде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет қыз­меткерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің, сон­дай-ақ оның жұбайының (зайыбының) дипломатиялық қыз­­мет персоналы отбасы мүшелерінің немесе жұбайының (зайы­­бының) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуына бай­ланысты екі жаққа көлік шығыстарының төлемін алуға құқығы бар.

  1. Дипломатиялық қызмет персоналы өзiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң саны, лауазымдық жағдайы, жергiлiктi жағ­дай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер ми­нистрі айқындайтын нормативтер ескерiле отырып, шет елде тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.
  2. Шет елдегi мекемеде жұмыс істеген уақытында дипло­матия­лық қызмет персоналының балаларына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм беру Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқын­дайтын тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебiнен төленеді.
  3. Шет елдердегi мекемелерде бос әкiмшiлiк-техникалық лауазымдар болған кезде дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегi бірге жүретін отбасы мүшелерiне уақытша жұмысқа орналасу құқығы берiлуi мүмкiн.
  4. Қарулы немесе азаматтық қақтығыстар жағдайында не шет елдердегi мекемелер мен олардың персоналының қауiпсiздiгiне қатер төнген жағдайларда, сондай-ақ шет елдердегi мекеме­лер орналасқан жерлерде төтенше жағдай болған жағдай­ларда Сыртқы iстер министрлiгi дипломатиялық қызмет пер­соналының және дипломатиялық қызмет персоналының бiрге жүретін отбасы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оларды қорғауды ұйымдастыру үшiн қажеттi шаралар қабыл­дайды.

Дипломатиялық қызмет қызметкерiне немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiне не оның отбасы мүшелерiне шет елде болу уақы­тында ол өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау не олармен байланысты қызметтi жүзеге асыру кезiнде келтiрiлген залал Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен өтеледi.

  1. Дипломатиялық қызмет қызметкерi немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерi шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан не шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде алған жарақаты салдарынан бiр жыл ішінде қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiнiң жұбайына (зайыбына) немесе «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалатын жақын туыстарының біріне оның Сыртқы iстер министрлiгiнде атқарған соңғы лауазымы бойынша өтемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетiн алпыс айлық қамтым мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
  2. Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатия­лық қызмет жұмыскері шет елдегi мекемеде жұмыс істе­ген уақытында қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, дип­лома­тиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелеріне, ақылға қонымды мерзім ішінде, бірақ диплома­тиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыс­кері қаза тапқан (қайтыс болған) күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде осы бапта көзделген кепілдіктер мен өтемақылар сақталады.
  3. Дипломатиялық қызмет қызметкерi немесе дип­ломатиялық қызмет жұмыскерi шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда, қаза тапқан адамның отбасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және тәртiппен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай алуға құқығы бар.
  4. Дипломатиялық қызмет қызметкерiне немесе дип­ломатиялық қызмет жұмыскерiне шет елде қызметтiк мiндет­терiн орындау кезiнде ауруы, мертiгуі (жаралануы, жара­қаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектiк белгi­ленген кезде оның Сыртқы iстер министрлiгiнде атқарған соңғы лауазымы бойынша өтемақыны есепке жазу күніне өтілі бойын­ша лауазымдық айлықақысынан есептелетін:

1) I топтағы мүгедекке – отыз айлық қамтым;

2) II топтағы мүгедекке – он сегiз айлық қамтым;

3) III топтағы мүгедекке – алты айлық қамтым мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

  1. Дипломатиялық қызмет қызметкерi немесе дипло­матия­лық қызмет жұмыскерi шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде мүгедектiкке алып келмеген ауыр мертiккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда, оның Сыртқы iстер министрлiгiнде атқарған соңғы лауазымы бойынша өтемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетiн – үш айлық қамтым мөлшерiнде, жеңiл мертiгу жағдайында бiр айлық қамтым мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
  2. Егер дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiнiң қаза табуы (қайтыс болуы), ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) қызметтiк мiндеттерiн орындауға қатысы жоқ мән-жай­ларға байланысты болғаны белгiленген тәртiппен дәлелденсе, осы бап­тың 9, 12 және 13-тармақтарында көр­сетілген сома төлен­бейдi.

26-бап Жерлеу шығыстарын өтеу

  1. Шет елде қаза тапқан (қайтыс болған) дипломатиялық қызмет қызметкерін немесе дипломатиялық қызмет жұмыс­керін жерлеуге оның отбасы мүшесіне оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша жәр­демақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық ай­лықақысынан есептелетін үш айлық қамтым мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.

Дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе диплома­тиялық қызмет жұмыскерінің шет елде қаза тапқан (қайтыс болған) бірге жүретін отбасы мүшесін жерлеуге дипломатиялық қызмет қызметкеріне немесе дипломатиялық қызмет жұ­мыскеріне оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша жәрдемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін үш айлық қамтым мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.

  1. Шет елде қаза тапқан (қайтыс болған) дипломатиялық қыз­мет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыс­керінің не дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшесінің мәйітін Қазақстан Республикасына оның тұрақты тұрған жеріне немесе қаза тапқан (қайтыс болған) дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің отбасы мүшелерімен не дипломатиялық қызмет қызметкерімен немесе дипломатиялық қызмет жұмыс­керімен келісу бойынша кез келген басқа жерге жеткізу және онымен байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;

17) 27-бапта және 28-баптың екінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

18) мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:

«29-1-бап. Дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемдер

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар дипломатиялық қызмет ардагерлеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.»;

19) 30-баптың 2-тармағындағы «Дипломатиялық қызметтің шетелдердегі мекемелерде жұмыс iстейтін қызметкеріне немесе» деген сөздер «Шет елдегі мекемеде жұмыс iстейтін дипломатиялық қызмет қызметкеріне немесе дипломатиялық қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;

20) 32-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымын атқарған лауазымды адамдар осы Заңның 25-бабының 3, 4, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13 пен 14-тармақтарында және өкіл­­дік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай өтем­ақы­сы бөлігінде осы Заңның 29-бабында көзделген ақ­шалай қамтым, әлеуметтік, зейнетақымен және медициналық қам­тамасыз ету мәселелерінде тиісті шет мемлекеттегі шет елдегі мекемелердің персоналына теңестіріледі.».

2-бап. Осы Заң, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгі­зілетін 1-баптың 18) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Қ.ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 3 наурыз

№ 13 -VIІ ҚРЗ