Руханият • 04 Наурыз, 2021

Ботамойын мен Боздауық жайлы не білеміз?

564 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Түбі жоқ тарихтың терең қатпарларында қалып қойған Бота­мойын мен Боздауық жайлы естіп пе едіңіз? Қазақта осындай музыкалық аспаптар болғанын құлағыңыз шалды ма?

Ботамойын мен Боздауық жайлы не білеміз?

Қытай Халық Республика­сының Құмыл аймағының Бар­көл қазақ автономиялы ауда­нында 40 мыңнан астам қан­дасымыз тұрады. Баркөл қазақ автономиялы ауданының мұра­жайында Ботамойын мен Боз­дауық деп аталатын байырғы музыкалық аспаптарымыз қо­йыл­ған. Бұл екеуі де қобыз тектес ыспалы аспап.

Ботамойын музыкалық аспа-
­бының ерекшелігі – ботаның мо­йын терісімен қапталады, пі­­шіні де ботаның бейнесінде жа­са­­лады. Боздауық музыкалық ас­па­­бының ерекшелігі – моңғол ұл­­тының «бозан» деп аталатын ыс­палы музыкалық аспабына қа­т­-
ты ұқсайды, тек құлақтарында өзгешелік бар. Моңғол ұлтының «бозан» аспабы құла­ғының басы ат бейнесінде ойы­латындықтан, қытайдағы қазақ­тар оны «атбас қобыз» деп те айтады. Моңғол халқы қол­да­натын бозан аспабы болсын, біздегі аталған боздауық аспабы болсын, бәрі де «боздау, боздаған үн» деген мағына беріп, ыспалы аспап екенін де, ыспалы аспаптарға сай зарлы үні бар екенін де бірден аңғартады. Атаудың төркіні көне түркінің кең таралған «боздау» сөзінен шығып отыр.

Біз осы байырғы екі музыка­лық ыспалы аспап жөнінде Бар­көл қазақ автономиялы ауданы мұражайының қызметкері Манат мырзаға хабарласып көр­ге­німізде, ол кісі «бұл музы­ка­­лық аспаптарымыздың әлі де мұ­ражайда жақсы күтіммен сақ­­­таулы екенін, ұлтымыздың мақ­­танышы болғанын, талай ұл­тын сүйген көрерменнің көз қы­зығына айналғанын» жет­кізді және біз атап көрсеткен ерек­ше­ліктерін ағынан жарылып әң­гі­­мелеп берді. Манат мыр­за­­­ның жөн сілтеуімен, осы ес­кі­­­­лікті аспаптарды жаңартып жа­­­сап, мұражайға өз сәнімен ен­­гізген Нұрадыл мырзаға хабар­ла­суымызды өтінді. Біз Нұр­адыл мыр­заға хабарласу ар­қы­лы, ас­пап­­тардың ескілікті нұс­қа­сы­ның тым тозып кеткенін оны сақ­тауға мүмкін болмай қал­­ға­нын, сондықтан Нұрадыл мыр­­­за­ның өзі бұл екі аспапты көне нұс­­қасына қарап отырып, өңдеп, жаңартып жасап шық­қа­нын білдік. Әзірге бұл екі ас­пап­ты қолданатындар жоқ, көне­көз қолданушылар өмір­­­ден озған. Алайда, Манат, Нұр­­адыл мырзалардың айтуын­ша, боз­дауық аспабының өз ды­­бы­сын қалпына келтіріп қол­да­­­ну­ға болады екен. Деседе, бо­­­та­­­мо­йын аспабының пішіні қаз-қал­­­пында жасалғанымен, өз әуе­­­нін сақтай отырып жасауда қиын­­­дықтар болғандықтан, ол ас­­пап­ты ескі нұсқасындай етіп қол­­­дану қиынға түседі екен. Не бол­­са да, көненің көзі болған екі ас­па­­­бымыздың үнін болма­са да, сыртын сақтап, осы күнге жет­­­кізіп отырған қиырдағы қы­рық мың қазақ жайлаған Баркөл қазақ ав­т­ономиялы ауданында­ғы қан­­дас­тарымызға алғысымыз шексіз.

 

АЛМАТЫ