Қазақстан • 04 Наурыз, 2021

Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады

1304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту шаралары мен құралдары» атты республикалық конференция барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады

«Биылдың өзінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша 17 орталық ашылып, жұмыс істей бастайды, яғни еліміздің әр өңірінде бір-бір Орталық болады», деді министр.

Орталықтардың ашылуы ҚР ҰЭМ, «Атамекен» ҰКП және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия арасындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша әріптестік және ынтымақтастық туралы қол қойылған келісім шеңберінде көзделіп отыр.

Айта кету керек, бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар мониторингінің деректері бойынша мемлекеттен қаржылай қолдау алатын кәсіпкер әйелдердің үлесі шамамен 32%-ті құрайды. Бұл жеңілдетілген банктік кредиттеу және гранттар беру. Қаржылай емес қолдау жобаларының жартысына жуығы (45%) – әйел-кәсіпкерлердің қатысуымен іске асырылады. Ұлттық экономика министрлігі мен ЕҚҚДБ арасындағы ынтымақтастық шеңберінде 300-ге жуық кәсіпкер әйел жергілікті консультанттардан консультациялық көмек алды, 35,4 млрд теңге сомасында 21,8 мың кредит берілді.