Медбике Ләззат Илиясқызын ауылдағы ағайын «Алтын қолды батыр апай» деп атайды екен. Мұның өзіндік себебі бар. Өйткені кейіпкеріміз қазір тарихқа айналған Ауған соғысына қатысыпты. Одан кейінгі еңбек жолы ауылдағы ауруханада жалғасып, қатардағы медбике болып зейнетке шыққан. Әлі де қатардан қалмай, денсаулық күзетінде жүр.

Басши ауылы – Алматы облысының Кербұлақ пен Панфилов аудандарының шекарасына орналасқан өңір. Әкімшілік бөлінісі жағынан Кербұлақ ауданына қарайтын округте 3 мыңнан аса тұрғын бар. Басшидегі аурухана осы аумақтағы үш ауылдың адамына медициналық қызмет көрсетеді. Орталықтан шалғайдағы барлық ауылға тән мәселе бұл маңға да жат емес. Әсіресе кадр тапшылығы қатты сезілетінін айтуымыз керек. Бүгінде ауылдық ауруханада жоғары білімді екі маман дәрігер ғана жұмыс істейді екен. Орта буын медицина қызметкерлеріне де сұраныс бар. Жұмыс іздеп келген жастар көбіне қайтадан қала жағалап кетеді екен. Аурухана басшылығы Ләззат апайды босаған орынға аттай қалап, медбикелік жұмысын жалғастыруға шақырып алыпты. Тәжірибелі маманға әріптестері де, дертіне шипа іздеген науқастар да дән риза.
Апай Ауған соғысына қатысты естелік айтуға аса ықыласты емес екен. Сананы сыздататын оқиғаны қайта жаңғырту ауыр болса керек. Әрі ол заманда медицина мамандығында оқығандар үшін әскери міндетін атқару парыз болған. Медучилищені аяқтап, еңбекке араласқан Ләззат Саржанованы да соғыс өрті өршіп тұрған Ауған еліне сол міндет жетелеп апарыпты. Алғашында кейіпкерімізді әскери комиссариат Польшадағы әскери контингентке қызмет етуге шақырады да, кейіннен Ауғанстанға жібереді. Бұл – 1986 жылы болған жағдай. Аздаған дайындықтан кейін бір топ медбике мінген ұшақ атақты Баграм әуежайына қонады. Бұл жақта қиянкескі ұрыс болмаса да, оқтын-оқтын атыс қаруының дауысы естіліп тұратын.
– Сол жылы күзде аяқ асты атыс болып кетті де, әуеден мина жауған шабуылдың астында қалдық. Жараланған адамдар көп болды. Бір жас жауынгердің аяғын жұлып кеткен екен, жарасын таңып, қанын әзер тоқтаттым. Байғұс жігіттің көзіндегі үрей мен өмірге деген құштарлықтың арпалысқанын көріп, денем түршікті. Бағымызға қарай, біздің тобымыз түгелімен міндетін өтеп, аман сау қайтты, – дейді медбике.
Ләззат Илиясқызы адам өміріне араша тұруға берген сертінен айнымай, медбикелік жұмысын бейбіт күнде де жалғастырды. 1993 жылы осы Басши ауылының азаматымен отау құрып, орталықтан алыстағы өңірге келді. Содан бері тапжылмай ауылдық ауруханада еңбек етті. Зейнетке шыққан соң орнын жастарға берген. Кейіннен қызметкер жетіспей, бас дәрігер қайтадан ауруханаға шақырып, жұмыс істеуге көндіріпті. Қазір қолы жеңіл медбикені аумақтағы ағайын құрметтеп, іздеп келіп алғыс айтатын болған.
Ауыл тұрғындарының алғысына бөленген медбикені бүкіл аудан біледі. Ауғанстандағы әскери қызметі үшін бірнеше жауынгерлік медальмен марапатталған. Еңбектегі жетістігі еленіп, «Кербұлақ ауданының құрметті азаматы» атағын алған. Ел-жұртқа сыйлы, әулетіне аяулы. Даңқты медбике бүгінде ауылдық ауруханаға жолдамамен келген жас мамандарға ақылшы ұстаз да болып жүр. Өңірдегі ел өмірінің бір жарқын сәті осындай жандармен нұрлы екені даусыз.
Алматы облысы
Зілтеміршілердің әлем біріншілігі Ташкентте өтеді
Спорт • Кеше
Таным • Кеше
Әулиеата өңіріндегі ауыр кезең
Тарих • Кеше
Семейліктер көлік қатынасынсыз қалмайды
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Иран ядролық келісімі қайта қаралуы мүмкін
Әлем • Кеше
QAZCOVID-IN – ең қауіпсіз вакциналардың бірі
Медицина • Кеше
«Қырық қыз» – түркі халықтарына ортақ мұра
Тарих • Кеше
ТЖД жиынтық бөлімшелері тасқынға қарсы күресті қызу жүргізуде
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Алматылық студент жаһандық жарыста топ жарды
Спорт • Кеше
Ұлттық қордағы қаржы айтарлықтай азайған
Экономика • Кеше
Алматыда 99-дағы қария коронавирусты жеңді
Коронавирус • Кеше
«Рухани жаңғыру»: 4 жыл ішінде мәдени бағдарламалар жаңа серпін алды
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінде «Ғылым апталығы» басталды
Ғылым • Кеше
Шымкентте 24 Мобильдік топ рейдке шықты
Аймақтар • Кеше
Тобыл қаласында тұңғыш ұлттық өнер орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Президент Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
Президент • Кеше
Тоқсандықтың қорытындысы бойынша Шымкент алда келеді
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева «Спутник V» вакцинасын салдырды
Медицина • Кеше
Қаржы вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодарда ер адам жалған құжатпен шекарадан өтпек болды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда ғарышкерлер күніне орай акция басталды
Қоғам • Кеше
Бас мүфти қазақстандықтарға үндеу жасады
Қоғам • Кеше
Қызылордада 10659 адам індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Кеше
Елордада дезинсекциялық жұмыстарға дайындық басталды
Қоғам • Кеше
Алматыда балалар арасында індет жұқтырғандар саны жиілеп кетті
Аймақтар • Кеше
Сырдария өзенінде балық аулап отырғандар ұсталды
Экология • Кеше
Елордалық оқушы NASA-да тағылымдамадан өтті
Білім • Кеше
Солтүстік Қазақстанда құтырмаға қарсы екпе салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қапшағайда көп балалы ана кондитерлік кәсібін кеңейтіп келеді
Бағдарламалар • Кеше
Қазақстан ғарыш технологиясын игеруге атсалысады – Мемлекет басшысы
Технология • Кеше
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» басқармасына жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
«Шымкент жастар лигасы» жобасы өтіп жатыр
Спорт • Кеше
Коронавирус бойынша әлемдегі ахуалға шолу
Әлем • Кеше
Алматыдағы Саин көшесі үш шақырымға ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Ертісте балықтар қырылып жатыр
Экология • Кеше
Қоғам • Кеше
Нұр-Сұлтанда жаңа нөсер кәріздері салынады
Елорда • Кеше
2,3 млн гектар жайылым жер заңсыз ресімделген
Қоғам • Кеше
Қазақстандық қос гимнаст әлем кубогына қатысады
Спорт • Кеше
Докторанттардың шәкіртақысы 260 мың теңге болады
Білім • Кеше
Батыс Қазақстанда бертінге дейін қанша адамға вакцина салынды
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Кеше
Аймағамбетов: Еліміздің ғылым саласындағы әлеуеті зор
Қазақстан • Кеше
Энергетика министрлігі: 16,6 млн тонна мұнай экспортталды
Экономика • Кеше
СІМ басшысы ЕҚЫҰ Төрайымымен келіссөздер жүргізді
Үкімет • Кеше
Ерболат Досаев теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді
Қаржы • Кеше
Айгүл Соловьеваға жауапты қызмет жүктелді
ANTIKOR • Кеше
Тағы бір әкім жолдарға байланысты сөгіс алуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
Екі облыс әкімінің орынбасарлары қатаң сөгіс алды
Аймақтар • Кеше
Юрий Гагариннің өліміне қатысты болжам айтылды
Әлем • Кеше
Ресейде Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Әдебиет • Кеше
Вакцина салдырса ораза бұзыла ма?
Медицина • Кеше
Елімізде бір апта ішінде 3 295 қылмыс жасалды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар