Аймақтар • 05 Наурыз, 2021

Мемлекеттік қолдау - кәсіпорындардың дамуына жол ашады

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласындағы «ERNIYAZ media group» компаниясы көп клиент жинайтын жарнама әзірлейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік қолдау - кәсіпорындардың дамуына жол ашады

Компания 2006 жылдан бастап көптеген жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді. Өнімдері ішкі нарықты қанағаттандырып отыр. Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы алғашқы жарнамалық және өндірістік компаниялардың бірі ретінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Қостанай және Ақтау қалалара жөнелтеді.

2018 жылы кәсіпорын басшысы «Еңбек» бағдарламасы бойынша «Даму» қорының көмегімен «Ырыс МҚҰ» ЖШС-нен 6% несие рәсімдеп, өндіріс орнын жаңа жабдықтармен толықтырды.

Кәсіпорын заманауи жабдықтармен, технологиялық мүмкіндіктердің арқасында сапалы өнімдер өндіріліп, түрлі топтағы тұтынушылардың сеніміне ие болды.

Табысты кәсіпкер, кәсіпорын басшысы Ербол Дайрашовтың сөзінше мемлекеттің кәсіпкерге көрсеткен қолдауы кәсібінің дамуына, сапалы өнім өндіруіне және өркендеуіне жол ашады.

Биыл компания өзінің 13 жылдық мерейтойын атап өтеді. Алда тағы көптеген жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Шығармашылық тобы жұмыс көлемін ұлғайтып, қысқа бейнелер түсіре бастамақ. Кәсіпкер болашақта өзін кино-индустрия саласында сынап көруды жоспарлап отыр.