Саясат • 05 Наурыз, 2021

Қазақстан елшісі Аустрияның Федералдық Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хофбург сарайында Қазақстан Елшісі Қайрат Омаров Аустрияның Федералдық Президенті Александр Ван дер Белленге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан елшісі Аустрияның Федералдық Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Салтанатты рәсімнен кейін өткен кездесу барысында отандық дипломат  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аустриялық әріптесіне жолдаған жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстанның аталған елмен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үлкен мән беретінін хабарлады.

Елші сұхбаттасушысын Мемлекет басшысының еліміздің одан әрі демократияландыруға бағытталған жаңа реформаларымен, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану мен оны таратпауды алға жылжытатын жаңа беделді жаһандық алаң ретінде Көшбасшылардың ядролық қарусыз әлем үшін жаһандық альянсын құру туралы бастамасымен таныстырды.

Өз кезегінде, А. Ван дер Беллен Қазақстан Президентіне жылы тілектерін жолдап, Аустрия Қазақстанды маңызды әрі сенімді серіктесі ретінде қарастырып, Венаның тығыз және жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін атап өтті.

Кездесу соңында Аустрия Президенті Елшіні қызметінің ресми басталуымен құттықтап, екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту ісіне табыс тіледі.