Аймақтар • 05 Наурыз, 2021

Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

8 рет көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше бағыттағы республикалық автомобиль жолдары жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, автомобиль жолдарында көру 50 метрге дейін шектелген. Осыған байланысты сағат 10.15 минуттан бастап бірқатар республикалық маңызы бар жолдар барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Соның ішінде: - М-36 «Екатеринбург-Алматы» 729-856 км (Қостанай облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін);

- Р-11 «Көкшетау-Рузаевка» 61-196 км (Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка елді мекеніне дейін);

- А-16 «Жезқазған-Петропавл» 595-781 км (Ақмола облысының шекарасынан Сергеевка қаласына дейін);

- Р-58 «Булаев-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Киялы-Рощинское»–0-194 км (Булаевтан Қиялыға дейін);

- Р-59 «Рощенское-Корнеевка-Волошинка» 46-87 км (Корнеевкадан Волошинкаға дейін);

- Р-60 «Возвышенка-Тимирязево» 0-119 км (Волошинкадан Тимирезево елді мекеніне дейін);

- Р-61 «Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасы» 0-32 км (Тимирязеводан Қостанай облысының шекарасына дейін). СҚО ТЖД көлік жүргізушілерін облыстың елді мекендерінен ұзап шығудың қауіпті екенін ескертеді.

Соңғы жаңалықтар

9 су қоймасы салынады

Экология • 22 Қазан, 2021

Ұқсас жаңалықтар