Ұшақтағы орынның брондалғанын растайтын құжаты бар эконом-класс клиенттері рейстегі бос тұрған "көрші" үш орынды сатып ала алады. Тек оларды алдын ала брондай алмайды. Жолаушыларға мұндай орын ұшу алдында тіркеу бөлімінде ғана сатылады.
Бір бос орын 55-тен 165 долларға дейін (23 мыңнан 69 мың теңгеге дейін) бағаланады, сондай-ақ қолданылатын кез келген салықты төлеу қажет.
Компания ерлі-зайыптылар мен балалары бар саяхатшылар арасында бұл қызметке сұраныс жоғары болатынына сенімді.
Біз коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, саяхатқа жол ашылады деген үміттеміз.
Aviata.kz – үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.