Қоғам • 05 Наурыз, 2021

Бақытжан Сағынтаев Алматының сел жүруі мүмкін қауіпті аймақтарын аралады

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың селден қорғайтын бөгеттер салынып жатқан жерлергет барды. Бұл туралы әкім Insragram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бақытжан Сағынтаев Алматының сел жүруі мүмкін қауіпті аймақтарын аралады

«Жұмыс сапары кезінде жағалауы қайта жөндеуден өтіп, маңайы абаттандырылып жатқан Есентай, Тіксай, Жарбұлақ өзендеріндегі жұмыс барысын көріп қайттым. Гидротехникалық құрылысты қоса алғанда, өзен арналары ретке келтірілмек. Жағалаулар габионмен нығайтылып, қараусыз қалған учаскелерде жаяу жүргіншілерге арналған жолы бар жаңа қоғамдық кеңістік құрылады. Жүруге ыңғайлы жол жабындысы төселіп, қойылатын орындықтардың табиғи материалдан болуына мән бердім», деп жазды Б. Сағынтаев.

Сондай-ақ ол Үлкен Алматы мен Ақсай өзендері бассейндеріндегі бөгеттердің құрылыс алаңдарын қарап шықты.

«Бұл өзендердің бассейндерінде, тауларда қауіпті үш мореналық көл бар. Құрылыс жұмыстары кезінде қозғалысқа шектеу қойылуы мүмкін. Жасыл экономика басқармасына жұртшылықпен бірлесіп, мәжбүрлі түрде кесілген жасыл желектің орнына өтемдік негізде егілетін жұмыстарды бақылауды тапсырдым», делінген жазбада.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше