Қоғам • 05 Наурыз, 2021

«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды

563 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық НҚА» интернет-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы орналастырылғаны туралы хабардар етті.

«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды

Заң жобасы қоғамдық бақылауды күшейту саласындағы міндеттерді орындау үшін құқықтық жағдайлар жасау мақсатында әзірленді.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын «Қоғамдық бақылау туралы» заңды әзірлеу мен қабылдауды тапсырған.

Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше