Аймақтар • 08 Наурыз, 2021

Түркістанда облыс басшылығы жас аналар мен дәрігерлерді мерейлі мерекемен құттықтады

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен  әкімнің орынбасары Арман Сәбитов пен қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов №1 облыстық перинаталдық орталығында болып,  жас аналарды және дәрігерлерді «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда облыс басшылығы жас аналар мен  дәрігерлерді мерейлі мерекемен құттықтады

«Ана – өмірдің гүлі, тіршіліктің нұры, мейірім мен ізгіліктің жаршысы. Әйел бүтін бір шаңырақтың шамшырағы. Ендеше мерейлі мерекеде сіздерге тек шаттық пен қуаныш тілейміз!Әрдайым ақпейіл де қамқор, адал да, үлгілі қалыптарыңыздан айнымай жүре беріңіздер», деп жылы лебізін білдірді Арман Сәбитов.

Бүгінде перинаталдық орталықта 656 маман жұмыс істейді. Оның 609-ы нәзік жандылар. Олардың қатарында дәрігерлер мен медицина ғылымдарының кандидаттары және денсаулық сақтау саласының  үздіктері бар. «Сіздер мереке күндерінде де жұмыс істеп, жаңа туған жас сәбидің үнімен балалы болған отбасылардың қуанышына себепкерсіздер. Шын жүректен қолдау көрсеткендеріңіз үшін және науқастарға күн сайын көрсететін қажырлы қызметтеріңіз үшін алғысым шексіз!», деп   қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов нәзік жандылардың еселі еңбектеріне тілеулестік білдірді.

Түркістан облысында  жыл басынан бері 10 мыңнан астам сәби дүниеге келген. Облыстық перинаталдық орталық  заманауи жабдықтармен жабдықталған. Яғни орталықта жасалған жағдайлар өңірдегі жүздеген нәрестенің өмірін сақтап қалуға және әйелдерге  ана болу бақытын сыйлауға септігін тигізуде