Төс қалтасынан ақша суырып саудаласар адамдардың сиреп бара жатқанын байқап жүрміз. Бұл қоғам үшін жағымсыз да үрдіс емес. Өте оңтайлы. Электронды коммерцияның қарыштап дами түскенін түрлі зерттеулерден де аңғарамыз. Қазақстанның онлайн сауда-саттыққа бейімі қалай? 2021-де бізді қандай трендтер күтіп тұр? E-commerce-нің алға басуына нендей факторлар кедергі келтіреді?

PwC Kazakhstan компаниясы Цифрлы Қазақстан қауымдастығымен бірлесіп екі жыл бойы арнайы зерттеу жасаған. Зерттеуге электронды коммерция нарығын дамытып отырған әлеуетті ойыншылар қатысқан.
– Бір жыл бұрын ғана электронды коммерция көп адамдар үшін екінші кезектегі сатылым каналы болып саналатын. Қатаң шектеу мен локдаунға толы 12 айдан соң бөлшек саудадағы ойыншылар басымдықтарын өзгертті. Тұтынушылардың онлайнға кетуі интернет-алаңдардың күрт дамуына ықпал етті. Онлайн сатылымның ең шарықтаған сәті 2020 жылдың III тоқсанына сәйкес келеді, – дейді зерттеу авторларының бірі Наталья Лим.
2020 жылы бөлшек электронды сауда нарығы көлемі 82 пайызға өскен (2019-бен салыстырғанда). Яғни, 327-ден 596 млрд теңгеге. Әсіресе, үшінші тоқсанда белсенділік артып, екінші тоқсанмен салыстырғанда 65 пайызға көп сауда-саттық жасалған.
«Елдегі пандемия алғашқы толқынының шарықтауы екінші тоқсанның аяғы, үшінші тоқсанның басына келгенін ескерсек, көптеген ойыншылар өз бизнестерін жаңа бағыттарға лезде бейімдей алған. Қызмет спектрін кеңейтіп, сервис сапасын арттырған. Тауарға тапсырыс беру ыңғайлы ғана емес, жылдам бола бастады. Адамдардың электронды саудаға көбірек сенім арта бастағаны байқалады» делінген зерттеуде.
Алайда төртінші тоқсанда сатылым көлемі 15 пайызға ғана өскен. 2019 жылдың дәл сол уақытында өсім 86 пайызды көрсетіп еді. Былтыр жыл соңында онлайн сауданың баяулауы сірә, карантин талаптарының жеңілдеп, көптеген сауда мекемелерінің оффлайн қызмет көрсетуімен байланысты болса керек. Дегенмен онлайн сауда біржола құлдырады деуге келмейді. Ол өз қарқынын сақтап, табыс көлемі 213 млрд теңгені құрады. Төртінші тоқсанда жасалған транзакциялар көлемі 8,5 млн, яғни, 2019-дың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 48 пайызға көп болған. Соның әсерінен орташа чек көлемі 15 мыңнан 23 мыңға көбейген.
«Леруа Мерлен Қазақстан» компаниясының хабарлауыша, мобилді құрылғыдан келетін трафик артқан. Егер 2020-ның басында трафиктің 57 пайызы мобилді құрылғыдан келсе, жыл соңында бұл көрсеткіш 73 пайызға жеткен.
«Біз телефоннан кірген жағдайдағы сайт бейімділігін қайта қарап, көп өзгеріс жасадық. Соның әсерінен рәсімделген тапсырыстар 27 пайызға көбейді» дейді компания.
Зерттеуге атсалысқан компаниялардың айтуынша, 2021 жылы нарықты жылдам әрі арзан орындалатын жеткізіп беру қызметтері жаулай бастайды. Шағын бизнестер маркетплейс арқылы сатылымды белсенді жүргізе бастайды. Сөйтіп, өз бизнесін тек маркетплейс арқылы және онлайн іске асыратын кәсіпкерлер саны күрт көбейеді. Тиісінше, ассортимент аясын да кеңейте түседі.
«Сайтта тауар қаншалықты көп болған сайын, оның клиенті де соншалықты көп болады. Қазір біз көптеген жаңа ойыншының нарыққа еніп, өз тауарларын онлайн ұсына бастағанын көріп отырмыз. Елдің кез-келген өңіріне жылдам әрі тегін жеткізіп беру қызметінің жолға қойылуы да бұл салаға деген қызығушылықты арттырады. Сайтта төлем жасау да қолайлы бола бастады» дейді зерттеуге қатысушы Mechta.kz электронды дүкендер желісі өкілдері.
Қазақстандағы электронды коммерцияның басты кедергілері қандай? Әрине, жолын тапқан адам онлайн түрде өз саудасын дамытады және оның жемісін көре алады. Бұл сөзімізге дәлел көп. Дегенмен трансшекаралық тауарлар бағасының өсуі E-commerce-нің дамуына қолбайлау болып тұр дейді қатысушылар. Mechta.kz өкілдерінің айтуынша, басты проблема – халықтың төмен деңгейдегі тығыздығы. Содан болар, логистика қымбат әрі күрделі. Инфрақұрылым нашар. Осындай қиындықтар тауардың клиентке дер уақытында жетуіне мүмкіндік бермейді. Компаниялардың байламынша, мобилді интернет сапасын арттыру да күн тәртібінің өзекті мәселесі. Әсіресе, интернеттің баяу болуы өңірлердегі ахуалды қиындатып тұр. «Бұдан бөлек, инфрақұрылым логистикасын кеңейтіп, курьерлік және логистикалық компаниялар санын арттырса да дұрыс болар еді» дейді Kaspi.kz.
Қатысушылардың тағы бір бұйымтайы – салық заңнамасы мен халықаралық төлем жүйелерінің жұмысын жетілдіру. Дәл осы екі мәселенің оңынан шешілуінің өзі елдегі электронды коммерция дамуының басты драйверіне айналмақ.
Зілтеміршілердің әлем біріншілігі Ташкентте өтеді
Спорт • Кеше
Таным • Кеше
Әулиеата өңіріндегі ауыр кезең
Тарих • Кеше
Семейліктер көлік қатынасынсыз қалмайды
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Иран ядролық келісімі қайта қаралуы мүмкін
Әлем • Кеше
QAZCOVID-IN – ең қауіпсіз вакциналардың бірі
Медицина • Кеше
«Қырық қыз» – түркі халықтарына ортақ мұра
Тарих • Кеше
ТЖД жиынтық бөлімшелері тасқынға қарсы күресті қызу жүргізуде
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Алматылық студент жаһандық жарыста топ жарды
Спорт • Кеше
Ұлттық қордағы қаржы айтарлықтай азайған
Экономика • Кеше
Алматыда 99-дағы қария коронавирусты жеңді
Коронавирус • Кеше
«Рухани жаңғыру»: 4 жыл ішінде мәдени бағдарламалар жаңа серпін алды
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінде «Ғылым апталығы» басталды
Ғылым • Кеше
Шымкентте 24 Мобильдік топ рейдке шықты
Аймақтар • Кеше
Тобыл қаласында тұңғыш ұлттық өнер орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Президент Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
Президент • Кеше
Тоқсандықтың қорытындысы бойынша Шымкент алда келеді
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева «Спутник V» вакцинасын салдырды
Медицина • Кеше
Қаржы вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодарда ер адам жалған құжатпен шекарадан өтпек болды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда ғарышкерлер күніне орай акция басталды
Қоғам • Кеше
Бас мүфти қазақстандықтарға үндеу жасады
Қоғам • Кеше
Қызылордада 10659 адам індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Кеше
Елордада дезинсекциялық жұмыстарға дайындық басталды
Қоғам • Кеше
Алматыда балалар арасында індет жұқтырғандар саны жиілеп кетті
Аймақтар • Кеше
Сырдария өзенінде балық аулап отырғандар ұсталды
Экология • Кеше
Елордалық оқушы NASA-да тағылымдамадан өтті
Білім • Кеше
Солтүстік Қазақстанда құтырмаға қарсы екпе салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қапшағайда көп балалы ана кондитерлік кәсібін кеңейтіп келеді
Бағдарламалар • Кеше
Қазақстан ғарыш технологиясын игеруге атсалысады – Мемлекет басшысы
Технология • Кеше
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» басқармасына жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
«Шымкент жастар лигасы» жобасы өтіп жатыр
Спорт • Кеше
Коронавирус бойынша әлемдегі ахуалға шолу
Әлем • Кеше
Алматыдағы Саин көшесі үш шақырымға ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Ертісте балықтар қырылып жатыр
Экология • Кеше
Қоғам • Кеше
Нұр-Сұлтанда жаңа нөсер кәріздері салынады
Елорда • Кеше
2,3 млн гектар жайылым жер заңсыз ресімделген
Қоғам • Кеше
Қазақстандық қос гимнаст әлем кубогына қатысады
Спорт • Кеше
Докторанттардың шәкіртақысы 260 мың теңге болады
Білім • Кеше
Батыс Қазақстанда бертінге дейін қанша адамға вакцина салынды
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Кеше
Аймағамбетов: Еліміздің ғылым саласындағы әлеуеті зор
Қазақстан • Кеше
Энергетика министрлігі: 16,6 млн тонна мұнай экспортталды
Экономика • Кеше
СІМ басшысы ЕҚЫҰ Төрайымымен келіссөздер жүргізді
Үкімет • Кеше
Ерболат Досаев теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді
Қаржы • Кеше
Айгүл Соловьеваға жауапты қызмет жүктелді
ANTIKOR • Кеше
Тағы бір әкім жолдарға байланысты сөгіс алуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
Екі облыс әкімінің орынбасарлары қатаң сөгіс алды
Аймақтар • Кеше
Юрий Гагариннің өліміне қатысты болжам айтылды
Әлем • Кеше
Ресейде Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Әдебиет • Кеше
Вакцина салдырса ораза бұзыла ма?
Медицина • Кеше
Елімізде бір апта ішінде 3 295 қылмыс жасалды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар