Экология • 09 Наурыз, 2021

Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 9 наурыздағы Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына байланысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктер мәліметіне сәйкес қолайсыз метеорологиялық жағдай Қарағанды, Шымкент және Қызылорда қалаларында болады.

Ал басқа қалаларда метеоахуал бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.