
«9 наурыз күні таңғы 06:00 кезінде ауа райының тұрақталуына байланысты «Нұр-Сұлтан-Павлодар» республикалық маңызы бар тасжолының 16-200 шақырымында жол ашылды. Бұл - Нұр-Сұлтаннан Ерейментау қаласына және Шідерті ауылына дейінгі аралық. Автокөліктің барлық түрлеріне жүруге рұқсат берілген», делінген хабарламада.