Қоғам • 09 Наурыз, 2021

Қазақстанда жолдарды жөндеу кезінде техникалық қадағалау рейтингі жасалады

15 рет көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан автожол жобалары бойынша техникалық қадағалау қызметі туралы кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талқылауға ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК өкілдері қатысты.

Кездесу барысында техникалық қадағалау қызметін бағалау жүйесін әзірлеу ұсынылды. Бұл рейтинг жоба бойынша сапалы жұмыс жүргізуге техникалық қадағалауды жүзеге асыратын инженерлердің қызығушылығын арттырмақ. Сонымен қатар, техникалық қадағалауды дербес жауапкершілікке тарту тетігі бойынша ұсыныстар әзірлеу, оның ішінде мердігер ұйымдарды ғана емес, техникалық қадағалаудың инженерлік компанияларын да, кепілдік кезеңінде ортақ жауапкершілікті бекіту бөлігінде Қазақстан заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ұсынысқа бастамашылық ету мәселесі көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, техникалық қадағалау автомобиль жолдарының құрылысы мен жөнделуіне бақылау жасайды, сондай-ақ техникалық құрылғылардың көмегімен жол төсемін орнату технологиясының сақталуын бақылайды.

Соңғы жаңалықтар

6 өңір «жасыл» аймақта тұр

Коронавирус • Кеше

Депутатты пышақтап кетті

Әлем • 15 Қазан, 2021

Шетелдік вакциналар ақылы болады

Коронавирус • 15 Қазан, 2021

Қазақстанда ревакцинация қалай өтеді?

Коронавирус • 15 Қазан, 2021

Ұқсас жаңалықтар