«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 24 қарашысында тиісті Жарлыққа қол қойды. Осыған орай бүгінде Қостанай облысында арнайы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Комиссия құрамында архивтерді зерттеп, аймақтардың тұрғындарымен кездесетін ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бар. Басты мақсат - 1920-1950 жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған, бірақ қазіргі уақытқа дейін ақталмаған азаматтардың аты-жөнін анықтап, жалпы санын анықтау.
Бұл уақыт пен ресурстарды қажет ететін ауыр жұмыс екенін түсінеміз. Сондықтан облыс тұрғындарынан көмек сұраймыз. Мәліметтерді жинау үшін телеграмм-арна ашылды. Канал арқылы әрқайсыңыз ақталмаған туыстарыңыз бен достарыңыз туралы ақпарат жібере аласыздар. Ақпарат «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы» КММ түсетін болады» - деп мәлімдеді облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы.