Қоғам • 09 Наурыз, 2021

Отандық танымал 5 ару «100 жаңа есім» жобасына үміткер

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біздің алдымызда екі маңызды шара бар. Бірі – халықаралық әйелдер күні де, екіншісі – «100 жаңа есім» жобасының IV маусымы

Отандық танымал 5 ару «100 жаңа есім» жобасына үміткер

Өздеріңіз білетіндей, қазір аталмыш байқаудың алғашқы (өтінім қабылдау) кезеңі жүріп жатыр.

Алда айтып өткеніміздей, халықаралық әйелдер күні қарсаңында «100 жаңа есім - 2021» жобасына қатысуға өтініш білдіргендер арасында Қазақстандық 5 ару да бар. Сонымен, әзірге тіркелген 250-ден аса қатысушының арасында ерекше көзге түскен, бұған дейін де халық қошеметі мен алғысына ие болған бестік:

Едильбаева Индира – 2015 жылы өткен «Қазақстан Дауысы» жобасының, 2020 жылы Украинада өткен «Голос Страны» жобасының финалисті. Қазақстандық әнші.

Ардана Ботай – аға лейтенант. Су-30СМ жойғыш ұшағын тізгіндеген әлемдегі жалғыз қыз. Сондай-ақ, Ардана Ботай Ан-26, L-39 және Су-30СМ ұшақтарын да игерген.

Әйгерім Рақыш – танымал әнші. Қазіргі таңда Әйгерімнің репертуарында 30-ға жуық ән бар. Музыкалық сыйлықтар рәсімінде «Жыл серпілісі» марапатын иеленген (Еurasian Music Awаrds, EMA 2017). 2018 жылы «I'm a Singer Kazakhstan» жобасының екінші маусымының финалисі болды.

Айнұр Төлеу – «Отқарақ» кітабының, «Әдебиет пен адамзат» телебағдарламасының авторы. Бейімбет Майлин атындағы медальдің, «Абай» мерейтойлық медалінің иегері.

Сүлейменова Әлия – ITF таэквондо бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Екі дүркін әлем чемпионы. Азия чемпионы. Әлем кубогының жеңімпазы.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз. Жеңіс тұғырында мықтылар кезігеріне кәміл сенімдіміз! Мереке құтты болсын!

Соңғы жаңалықтар