Қоғам • 09 Наурыз, 2021

Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсті

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпан айында Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсті, деп хабарлайды  Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсті

«2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда ақпан айында абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары 3,1%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 1,2%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6%-ға жоғарылады. 2021 жылдың ақпанында жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары өткен жылдың осы айына қарағанда 8%-ға өскен. Абаттандырылған тұрғын үйлерді сатып алу бағалары 20,3%-ға көтерілсе, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 10,7%-ға артқан», делінген хабарламада.

Бюро мәліметіне сәйкес, 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 2021 жылдың ақпанында 4,2%-ға өскен. Абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағасы 2020 жылы 13,2%-ға өссе, биылғы жылдың ақпанында 8,2%-ға көтерілген. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,4%-ға өскен.