10 наурызда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Шымкент қаласында 10 наурызда кей уақытта найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қаласында 10 наурызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел күшейеді.
10 наурызда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с. 10 наурызда түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
10 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанайда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз 10 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Көкшетауда 10 наурызда кей уақыттарда тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі.
10-11 наурызда Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с, күндіз 11 наурызда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қарағандыда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазғанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавлда жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
10-12 наурызда Жамбыл обысында кей жерлерде тұман, күндіз 10 наурызда найзағай, 10-11 наурызда көктайғақ күтіледі. 10-12 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, 10 наурызда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Таразда 10-12 наурызда кей уақытта тұман, күндіз 10 наурызда найзағай, 11 наурызда көктайғақ күтіледі. Күндіз 10 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.
10 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбеде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.