Аймақтар • 09 Наурыз, 2021

ШҚО азаматы телефонды балға салып түрмеге кіргізбек болған

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО-да түзеу мекемесіне жіберілген пошталық сәлемдеменің арасындағы бал салынған банканың ішінен тыйым салынған заттар табылды,  деп хабарлайды Egemen.kz

ШҚО азаматы телефонды балға салып түрмеге кіргізбек болған

Пошта арқылы жіберілген сәлемдемеде бал салынған ыдыстың ішінен ұялы телефон мен қщсалқы құралдар табылды.

Әдетте сәлемдемені сотталғандарға берер алдында мұқият тексеру жүргізіледі, деді бөлім бастығы Дәурен Байханов. Сәлемдемені жіберуші поштада сәлемдеменің ішінде түзеу мекемесіне жіберуге тыйым салынған заттардың жоқ екендігі туралы қолхат береді. Алайда қаскүнемдер айласын іске асырып, тұрмысқа қажетті көптеген заттардың ішіндегі бал салынған банкаға телефон, қуаттау құрылғысы мен құлаққапты тыққан.  

Сәлемдемені жөнелтушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жиналып, сотқа жіберілетін болады, деді мекеме қызметкері.