Белгілі болғандай, ер адам құрылысы аяқталмаған бес қабатты ғимараттың шатырынан секірмек болған. Бірнеше минуттан кейін учаскелік полиция қызметкері ғимараттың төбесіне шығып, жас жігітті әңгімеге тартып, оны райынан қайтаруға тырысқан.
«29 жастағы жігіт өзі жұмыс істеген кәсіпорын басшысының үстінен шағымданған. Ол жұмыс барысында жарақат алғанын және ол үшін әлі күнге дейін ақшалай өтемақы төленбегенін айтқан. Өзара диалог кезінде полиция қызметкері оған байыппен жақындап, секіруге оқталған сәтте қолынан ұстап, өзіне тартып қалды», делінген хабарламада.