– Бізде бар мәліметтер бойынша, пандемия кезеңінде Қостанай облысында 1522 шарт бойынша жергілікті атқарушы органдар мен квазисектор алаңдарын жалдап отырған 1087 бизнес нысаны жалға алу ақысын төлеуді тоқтатты. Сонымен қатар, карантин кезеңінде бизнесті қолдау мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бірқатар кәсіпкерлердің жалға алып отырған ғимарат ақысын төлеу мерзімі шегерілсе, енді біреулерінікі қайта есептеліп, аренда ақысы 50%-ға дейін төмендетілді. Облыс бойынша мұндай жеңілдікке 3 500-ден астам кәсіпкер ие болып отыр, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Қазақстанда пандемиядан зардап шеккен шағын және орта бизнес нысандары мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың мүлкін жалдау ақысынан босатылған еді. Мемлекетік комиссия биыл 5 наурызда кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі шұғыл пакетті мақұлдап, кәсіпкерлерді жалдау ақысынан босатуды 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартып отыр.