Аймақтар • 09 Наурыз, 2021

Павлодар облысында 48 лауазымды және заңды тұлға жазаланды

724 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында 48 лауазымды және заңды тұлға жазаланды. Оның ішінде облыс жолдарын қардан дұрыс тазарпаған адамдар да бар, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодар облысында 48 лауазымды және заңды тұлға жазаланды

Павлодар облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Бауыржан Мақашев атап өткендей, жолдарды күтіп ұстауды тексеру кезінде полиция қызметкерлері ауылдық округтердің бірінің жолдарында көлік жүретін бөлікті тазалау жұмыстары толық көлемде жүргізілмегенін анықтады, бұл көліктердің өтуіне айтарлықтай кедергі болды. Осыған ұқсас бүліктер облыстың басқа аудандарында да анықталды. Аталған елді мекендердің екі әкіміне қатысты ҚР ӘҚБК 63 - бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды.

Сонымен қатар, жолдарды қадағалау ережелерін бұзғаны үшін 48 лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 1 млн 400 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлады Б.Мақашев.