Аймақтар • 09 Наурыз, 2021

Түрмеде өткен 3 жылы үшін анасына 300 гүл сыйламақшы

862 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда түрмеде отырған жігіттің бірі келесі жылы анасына 8 наурыз мерекесіне орай  300 гүл сыйлайды, деп хабарлайды Egemen.kz

Түрмеде өткен 3 жылы үшін анасына 300 гүл сыйламақшы

Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде шаруашылық жұмысына қалдырылған сотталғандар аналарын 8 наурыз мерекесімен құттықтау жолдады.

Түрмеден құттықтау жолдағандардың бірі – есірткі сатқаны үшін сотталған Андрей.

«Оңай жолмен ақша тауып, тұрмысымызды жақсартқым келді. Алайда, бұл ойымның қате болғанын тек түрмеде түсіндім. Қазір үйде өзіңіз қалдыңыз. Менің достарым 8 наурыз мерекесіне орай сізге арнаған сыйлығымды жеткізеді», деп хат жолдапты Андрей.

Ал достары Андрейдің анасына жолдаған гүл мен көктемде киетін аяқ киімді жеткізіп берді.

Ал ұрлық жасап сотталған Бауыржан келесі жылғы 8 наурыз мерекесін анасымен бірге қарсы алатынына үміттеніп отыр. Сол кезде анасына 300 гүл сыйлауды жоспарлапты.

Қарақшылық үшін төрт жылға сотталған тағы бір жігіт анасының өмірден өткенін  өкінішпен еске алды.

«Менің түрмеге түскенім сізге оңай болмады. Сіз өмірден өттіңіз. Сол үшін өзімді өмір бойына кешіре алмаймын. Бұл жерден шыққаннан кейінгі өмірімді сіздің армаңызды орындауға арнаймын», деп жазыпты ол.

 

Соңғы жаңалықтар