Тағайындау • 09 Наурыз, 2021

Батыс Қазақстанда бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіне жаңа басшы тағайындалды

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіне жаңа басшы келді, деп хабарлайды Egemen.kz

Батыс Қазақстанда бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Салауат Вахитов 1975 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 1996 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін экономика және АӨК саласындағы басқару, 2007 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін заңгерлік мамандығы бойынша, сондай-ақ 2009 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Әр жылдары Орал қаласы экономика басқармасының аға, жетекші маманы, БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы, басшының орынбасары, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі «Капиталнефтегаз» ММ директорының орынбасары, ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік департаменті басшысының орынбасары, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі Ақтөбе және БҚО бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы, Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы инспекция басшысы болды. 2018 жылдан бері ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО әкімінің орынбасары тағайындалғанын жазған болатынбыз.