Қазақстан • 10 Наурыз, 2021

Сақтандыру нарығындағы ахуал

742 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылы болған ауыр қаржылық дағдарысқа қарамастан, отандық сақтандыру нарығы біршама өсім көрсетті. Нақтырақ айтқанда, 23,2 пайызға өсім байқалған. Азаматтар өз өмірін сақтандыруға көп мән бере бастапты.

Сақтандыру нарығындағы ахуал

Нарықтың бұл саласын­да­ғы жағдай туралы Қа­зақ­стан қаржыгерлер қауым­дас­тығы зерттеу жасаған. Былтыр сектордың таза сақ­тан­дыру сыйлықақылары 12,1 пайызға ұлғайып, 473,8 млрд теңгені құрады, ал таза сақтандыру төлемдері 2,7 пайызға немесе 101,2 млрд теңгеге дейін қыс­қар­­ған. Сыйақының өсуі сек­тор табысының еселеп артуына серпін берді. Нә­тижесінде, сектор табысы 458,1 млрд теңгеге дейін көбейген. Сақтандыру және инвестициялық қыз­мет­тер әсері ғана емес, сақ­тан­­дыру төлемдерінің азаюы да (оның ішінде ка­ран­­тин шектеулеріне байланысты және сақ­тан­ды­ру төлемдерінің төмендеуі себепті) сектор табысының өсе түсуіне ықпалын тигіз­ген. Бұл ретте таза пайда – 114,2 млрд теңге. 2019 жыл­мен салыстырғанда 45,7 пайызға жоғары. Ин­вес­­тициялық табыстың 76,8 млрд-тан 128,0 млрд тең­ге­ге дейін ұлғаюы сектор пай­да­сының өсуіне ықпалын тигізген.

«Сектор активтерінің құ­ры­лымында ең көп үлес­ті бағалы қағаздар алады (барлық активтердің 69 пайызы). Бағалы қағаздар порт­фе­лінің өсуі (+33 пайыз) және оның оң валюталық қайта бағалануы сектордың инвестициялық қызметтен түсетін кірісінің ұлғаюына (+67 пайыз) алып келді» де­лінген қауымдастық ақпа­ратында.

Бір қызығы, қызметтердің жап­пай онлайн форматқа көшуі дәл осы сақтандыру сек­­­торына оң әсерін тигі­зіпті.