Қазақстан • 10 Наурыз, 2021

Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген жолаушыдан коронавирус табылды

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Корея, Испания, Германия, Украина, Ресей Федерациясы, Грузия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі келді.

Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген жолаушыдан коронавирус табылды

3 279 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 005 адам, анықтамасыз 274 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 126 жолаушы, анықтамамен – 1 862, анықтамасыз – 264;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 583 жолаушы, анықтамамен - 573; анықтамасыз - 10.

Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, барлық 286 жолаушы, анықтамамен келген;

Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, барлық 282 жолаушы анықтамамен келген;
Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы, екеуі анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Анықтамасыз келген 101 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.