Қазақстан • 10 Наурыз, 2021

Өткен тәулікте қар құрсауынан 125 адам эвакуацияланды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте еліміздің автожолдарында ауа райының нашарлауына байланысты ТЖМ аумақтық бөлімшелері қар құрсауынан 64 бірлік техниканы шығарып, 125 адамды құтқарып, эвакуациялады.

Өткен тәулікте қар құрсауынан 125 адам эвакуацияланды

ТЖМ ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб жұмыс істейді. Осындай штабтар Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан ж»не Қостанай облыстарында жұмыс істейді.

 2021 жылғы 10 наурыздағы жағдай бойынша «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 7 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында) дауылды ескерту жарияланды. 

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну, көктайғақ) 6 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 12 учаскесі және 51 облыстық маңызы бар учаске жабылды, бұл Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары.

Батыс Қазақстан облысындағы беккеттерде 253 бірлік жүк және жеңіл автокөлік тұр.

Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жол қызметтерінен, ЖАО барлығы 423 адам және 301 бірлік техника жұмылдырылды.

Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 15 СМС-хабарламаны таратылды, «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 17 хабарлама жіберілді.

Уақытылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін өңірлерде «Жедел байланыс желісі» істейді.