Аймақтар • 10 Наурыз, 2021

Түркістандағы университетке жаңа ректор тағайындалды

1016 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры қызметіне Жанар Темірбекова тағайындалды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Түркістандағы университетке жаңа ректор тағайындалды

Жаңа ректорды университет ұжымына Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова таныстырды.

Өз сөзін ұлы Ахмет Ясауидің хикметінен бастаған Жанар Амангелдіқызы жүктелген жаңа қызметтің жауапкершілігін терең сезінетінін жеткізді. Елбасы бастамасымен ашылған Халықаралық университеттің ең негізгі міндеті – қазақ елі мен бүкіл түркі әлеміне қызмет ететін білімді, салауатты, отансүйгіш, әрі жаңа ғасыр талаптарына сай мамандарды даярлау екендігіне тоқталды. «Мәдениет пен өркениеттің негізі болып табылатын бұл университет тәуелсіз елдің мәңгі болашағын қазірден бастап қалыптастырушы білім ошағы. Қоғамға үлгі болатын қасиетті мекен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасы қабылданғаны мәлімі. Мен де өз кезегімде осы тұжырымдамадан шабыт алып, «Халық үніне құлақ асатын университет» концепциясын бірге қалыптастыруды ұсынатын боламын», деді Жанар Темірбекова.

Айта кетелік, Жанар Амангелдіқызы Түркияның алдыңғы қатарлы Хаджеттепе университетінің инженерлік факультетін бітіріп, аталмыш оқу орнының “менеджмент” мамандығы бойынша магистратура бағдарламасында білім алған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқып, сол жерде кандидаттық диссертациясын қорғаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Анкара қаласындағы Өкілетті Кеңес басқармасында, ТҮРКСОЙ сынды халықаралық ұйымдарда еңбек еткен. Алматы қаласындағы КИМЭП, ҚБТУ және СДУ сынды бірнеше маңызды оқу орындарында студенттерге сабақ берумен қатар, Еуразия технологиялық университетінің ректоры, Алматы Менеджмент университеті президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45