Бұл цех жергілікті кәсіпкер Айсұлу Оразбаеваның бастамасымен іске қосылды.
«Біздің цехта көлік пен оның әйнегін тазалауға, жылтыратуға пайдаланатын кондиционер, жабыспайтын көпіршікті сұйықтар шығарылады. Күнделікті тұрмыстық бұйымдарды, оның ішінде ыдыстарды, еден пен әйнекті, киімді жууға арналған сұйық сабынды, ыдыс жуатын машинкаларға, сантехника мен кілем тазалауға арналған құралдарды өзіміз әзірледік», дейді жергілікті кәсіпкер Айсұлу Оразбаева.
Оның айтуынша, жууға арналған сұйықтықтар итальяндық технологиямен әзірленген. Сол себептен, аллергия тудырмайды. Сондай-ақ, жергілікті нарықта бәсекеге қабілетті мұндай тауарларға сұраныс жоғары болып отыр.