Қоғам • 10 Наурыз, 2021

Алматыда ер адам көпірден секірмекші болды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Шемякин көшесінің қиылысында көпірден секірмекші болған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ер адам көпірден секірмекші болды

Келеңсіз жағдай Рысқұлов даңғылы мен Шемякин көшесінің қиылысында болған. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ешкім жапа шекпеген.

«Аталған келеңсіз жағдайға уақытылы тосқауыл қойылды. Алғашқы болып Жетісу аудандық полиция басқармасының полиция психологы дабыл қақты. Ол жақын жерден өтіп бара жатып, полицияның барлық күштерін: жақын жердегі патрульдік полицияның экипаждары мен учаскелік инспекторларды тарта білді. Кейінірек белгілі болғандай, есірткіге мас болған адам, жаяу жүргіншілер көпірінің үстінен түсірілді. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді», деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ер адамның жеке басын анықтау үшін және одан әрі медициналық тексеруден өткізу үшін ол Жетісу ауданының полиция басқармасына жеткізілді.