Аймақтар • 10 Наурыз, 2021

Түркістан облысында 500-ге жуық педагог пен 200-дей полиция қызметкері вакцина салдырды

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында мұғалімдер мен полиция қызметкерлері коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина ала бастады, деп хабарлайды Еgemen.kz

Түркістан облысында 500-ге жуық педагог пен 200-дей полиция қызметкері вакцина салдырды

Өңірге «Спутник V» вакцинасының 10 мыңға жуық дозасы жеткізілген.

Ерікті түрде екпе жасатуды жөн көрген ұстаздар мен полиция қызметкерлерін алдымен дәрігерлер тексереді. Сондықтан егу жасату алдында азаматтар сырқаттан дін аман болуы міндетті. Соңғы мәліметке сәйкес, Түркістан облысында 500-ге жуық педагог пен 200-дей полиция қызметкері вакцина салдырған.

Бүгінде облыста 6 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы егілді. Наурыз айының ортасында облысқа тағы 8600 доза вакцина жеткізілмек.