Аймақтар • 10 Наурыз, 2021

Орал мен Ақтөбе арасында 350 көлік жолда қалған

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір ол жерде 257 жүк көлігі биікке көтеріле алмай тұр, жеңіл автокөліктер толықтай кептелістен шықты. Бұл жайлы Egemen.kz БҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Орал мен Ақтөбе арасында 350 көлік жолда қалған

10 наурызда Шыңғырлау ауданы аумағында, нақтырақ айтқанда Самара-Шымкент тас жолының 489-522 шақырымында Ақтөбе облысының шекарасына дейін 4-5 км жетпей ауыр жүк көліктері мен жеңіл автокөліктердің кептелісі пайда болды (шамамен 300 фура және 50 жеңіл автокөлік топтасып тұр).

Таңертеңгі 9.30-дағы мәлімет бойынша кептелісті жоюға бақытталған жұмыстар жүргізілуде.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгілінде жолдарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы жағдай туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасынан алуға болады.