Спорт • 10 Наурыз, 2021

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты онлайн форматта өтеді

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 наурызда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталады. Ел біріншілігі онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты онлайн форматта өтеді

Алдын ала мәлімет бойынша, ұлттық біріншілікке еліміздің барлық аймағынан 300-ден аса спортшы қатысады деп күтілуде.

«Биылғы қаңтардан бастап алдағы Азия чемпионатына қарқынды дайындалып жатырмыз. Бүгінде бапкерлер құрлық додасына қатысатын 17 ауыр атлетті таңдап алды. Оның ішінде жеті әйел, он ер адам бар. Қатысушылар есімін ел чемпионаты аяқталған соң жариялаймыз. Бұл жолы да біз жарысты үйреншікті онлайн форматта өткіземіз. Біздің спортымыз үшін бұл нұсқа ыңғайлы. Жарыстың өту барысына айтарлықтай кедергі келтірмейді. Екінші жағына, Азия чемпионаты қарсаңында спортшылардың вирус жұқтырып алу қаупінің алдын алады», дейді бас бапкер.

Айта кетейік, турнир 17 наурызға дейін жалғасады.