Аймақтар • 10 Наурыз, 2021

Қостанайда есірткі жарнамаларын жою акциясы өтті

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері еріктілермен және облыстық психикалық денсаулық орталығының өкілдерімен бірге есірткі жарнамасы бар суреттер мен граффити жазбаларды үстінен бояу бойынша кезекті акцияны өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанайда есірткі жарнамаларын жою акциясы өтті

Бірнеше сағат ішінде осындай 65 жазба және 100-ден астам граффити боялды. Облыстық ПД ЕҚҚІҚБ аға жедел уәкілі Айгүл Ерадилованың айтуынша, акция ауқымды болды, оны өңірдің қалалары мен аудандары да қолдады.

– Облыс орталығында бұл биыл өткізілген екінші акция. Қала тұрғындарының көмегімен белсенді жұмыстар жүргізілуде. Біздің азаматтар бұл мәселеге бей-жай қарамайды. Біз мұндай жазулар туралы хабарламаларды көп аламыз, – деді ол. “Қостанайдың жас көшбасшылары” ҚҚ басшысы Гүлсім Бисембаева атап өткендей, есірткінің таралу проблемасын күш біріктіре отырып, бірлесіп шешуге болады.