Абай • 10 Наурыз, 2021

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры көрермендерімен қайта қауышты

34 рет көрсетілді

Абай ілімі: СҚО-да «Толық адам» спектаклі көрерменге жол тартты, деп хабарлайды Еgemen.kz

Петропавлдағы С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры бір жылдық үзілістен кейін өз көрермендерімен қауышты. Карантин уақытында қол қусырып отырмай, Абайдың іліміне негізделген мазмұны терең, мағынасы зор қойылымды сахнаға әзірледі. Өнер сүйер қауымның назарына «Толық адам» спектаклін ұсынды.

«Абай Құнанбаевтың «Жүрегіңнің түбіне терең бойла, мен бір ғажап адаммын оны да ойла», деп, бізге қалдырған өсиетін ұғына алдық па? Былтыр 175 жылдық мерейтойын атап өткен Абайдың қазынасын қаншалықты игердік, жан-дүниесін толық түсіне алдық па? Бұл сауалды бүгін әр қазақ өзіне қоюы тиіс. Абай заманында айтып кетпек бес асыл іс пен бес дұшпан бүгін де өзектілігін жойған жоқ. Біздің мақсат – көрерменге ой салу», дейді С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры Біржан Жалғасбаев.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сахналанған «Толық адам» спектаклі фарс, гротеск, карикатура жанрларын біріктіреді. Қойылымның басты режиссері, өзіндік қолтаңбасы бар, қазақстандық режиссерлердің жаңа толқынының жарқын өкілі – Фархат Молдағали. Спектакльде 16 актер ойнады.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісі болды

Аймақтар • Бүгін, 10:55

Өңірлер бойынша эпидахуал қандай?

Коронавирус • Бүгін, 09:20

1731 адам коронавирустан емделіп шықты

Коронавирус • Бүгін, 09:07

6 өңір «жасыл» аймақта тұр

Коронавирус • Кеше

Депутатты пышақтап кетті

Әлем • 15 Қазан, 2021

Шетелдік вакциналар ақылы болады

Коронавирус • 15 Қазан, 2021

Ұқсас жаңалықтар