Білім • 11 Наурыз, 2021

Биыл елордада 16 мектеп салынады

439 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов биыл елордада 16 мектеп салынатынын айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл елордада 16 мектеп салынады

«Таңертеңгілік қаланы аралау барысында бірқатар мектептің құрылысымен таныстым. Мысалы, Есіл ауданында орналасқан мектеп (Ұлы Дала даңғылы мен №39 көшенің қиылысы) екі ауысымда 2400 оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. Соншама орын Алматы ауданындағы мектепте құрылады», деп жазды А. Көлгінов.

Осы орайда ол техника мен адамдарды жұмылдыруды тапсырды. Оқу орындарын барлық қажетті жабдықтармен қамтып, мектептерге кірме жолдарды ойластыру, сондай-ақ мектеп аумағын абаттандыру мен көгалдандыруға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

«Екінші мектеп бойынша да инженерлік желілерге қосылу мәселесін шешуді тапсырдым. Биыл барлығы 16 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Оқу орындарын салу кезінде ірі мектептерге көшеміз. Осы шаралардың арқасында биыл ғана 40 мыңнан астам оқушы орны құрылады. Демек, 2020 жылмен салыстырғанда оқушы орындарының саны 2 еседен астам, ал 2019 жылға қарағанда 4 есе ұлғаяды. Мысалы, өткен жылы 11 мектеп салынды», делінген жазбада.

Оның айтуынша, мектептердің көбеюі үш ауысыммен оқытатын мектептер санын 8-ден 4-ке дейін, ал тығыздалған режимі бар мектептер санын 22-ден 14-ке дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

«Сонымен қатар, бірқатар мектептер жылыту қазандығынан орталыққа ауыстырылды. Бұл жыл сайын 100 млн теңгеге дейін қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді. Мектеп құрылысына да жеке инвестиция тартамыз. Инвестициялық кеңестерде 30-дан астам жеке меншік мектептің құрылысы қолданды. Сонымен қатар, кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 50-ге жуық мемлекеттік мектеп салу жоспарланған. Сондай – ақ, қолданыстағы оқу орындарына тиісті назар аудару қажет-өткен жылы 26 білім беру нысаны жөнделді. Осы жылы да жұмыстар жүйелі деңгейде жалғаса бермек», деп жазды әкім.