Қазақстан • 11 Наурыз, 2021

14 өңірде өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамуда

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің 14 өңірінде өңдеу өнеркәсібі қарқынды өсіп келе жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

14 өңірде өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамуда

«Өңдеу өнеркәсібі серпінді қарқынмен өсуде. Өсу 6,1 пайыз құрады. 14 өңір оң өсу көрсетті. Ең жоғарғы өсу темекі өнімдері мен электрлік аккумуляторлар өндрісінің өсуі есебінен Алматы қаласы мен Алматы облысында, тауарлық бетон, тазартылған алтын және теміржол локомотивтері өндірісінің өсуі есебінен Нұр-Сұлтан қаласында байқалады», деді 2021 жылдың қаңтар-ақпанындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндаған министр.

Министр атап өткендей, өңдеу өнеркәсібінде төмендеу 3 өңірде байқалды. Нақты айтқанда мұнай өңдеу өнімдері өндірісінің қысқаруы салдарынан Атырау облысында, ет өңдеу және трансформаторлар өндірісі көлемдерінің азаюы салдарынан Батыс Қазақстан облысында, трансформаторлар мен мақта өндірісінің азаюы салдарынан Түркістан облысында төмендеу тіркелді.

«Ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, инвестициялардың орташа өсуі 13,3 пайызды құрады», деді Әсет Ерғалиев.