Аймақтар • 11 Наурыз, 2021

Түркістан облысындағы әрбір оныншы тұрғын - кедей

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында жұмыссыздық деңгейі артқан. Осыған байланысты қазір аймақта кедейшілік жағдайы нашарлай түскен, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан облысындағы әрбір оныншы тұрғын - кедей

Түркістан облысының әрбір оныншы тұрғыны кедейлік шегінен төмен өмір сүреді — бұл шамамен 230 мың адам, дейді сарапшылар.

2021 жылдың ақпан айында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өткен жылы облыста халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша үлкен жұмыс атқарылғанын атап өткен еді. Алайда бұл ретте қабылданған шаралардан нәтиже жоқ.

Бұдан басқа, егер елдің барлық өңірінде жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалса немесе төмендесе, Түркістан облысында көрсеткіш тоқсан ішінде артып, 5,3%-ды құрады. Бұл республика бойынша ең төменгі көрсеткіш.

Зерттеулерге сәйкес, облыстағы кедейлік деңгейі де ел бойынша көш бастап тұр.

Мәселен, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі өңірде 11,2% - ды құрады. Бұл  ҚР бойынша орташа көрсеткіштен (5,7%) 2 есеге артық.

Соңғы жаңалықтар