ҚР БҒМ әкімдіктермен бірлесіп 800 мектептің құрылысы бойынша Жол карталарын әзірлеп жатыр. Ол үшін 4 механизм қолданылады:
мемлекеттік-жекеменшік әріптестік;
жекеменшік мектептер желісін дамыту;
мемлекеттік бюджеттен нысаналы құрылыс;
модульдік конструкциялардан мектептер салу.
2025 жылға дейін 5000 мектептің инфрақұрылымы жаңартылады. Бұл дегеніміз – балаларға қауіпсіз және қолайлы жағдайларды жасау, жоғары жылдамдықты интернетпен, пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету, мектеп жиһаздарын жаңарту, мектеп кітапханалары мен асханаларын жаңарту, күрделі және кешенді ағымдағы жөндеу жүргізу.