Аймақтар • 11 Наурыз, 2021

Павлодарда тұрғын көлікке қасақана өрт қойған

250 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сотта ер адам өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодарда тұрғын көлікке қасақана өрт қойған

2020 жылдың 28 қарашасына қараған түні 43 жастағы павлодарлық қарсыласына тиесілі 1999 жылғы Nissan Cefiro маркалы көлікті қызғаныштан өртеп жіберген.

Іс сотқа прокурор мен сотталушының арасында жасалған кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісіммен келіп түсті. Сот отырысында прокурор мен сотталушы процестік келісімді қолдады. Үкім шығару кезінде сот өрт қойған адамның кінәсін толық мойындауын және кішкентай балалары бар екенін ескерді.

– Жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, пробациялық бақылау орната отырып, 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалсын.  Жәбірленушінің 1 млн 107 мың 597 теңге сомасындағы азаматтық талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылсын, дейді Павлодар қаласы №2 сотының судьясы Әнуарбек Оспанов.

Сотталушы азаматтық талап үкім заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде төлеуі тиіс. Олай болмаған жағдайда материал сот орындаушыларына беріледі және шетелдік көлік иесінің пайдасына қарай залал мәжбүрлі түрде өндіріп алынады.

Сонымен қатар, сотталушы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар етпей, оқу орнын, тұрғылықты жерін, жұмысын өзгерте алмайды. Оған алкоголь ішуге байланысты барларға, дәмханаларға, мейрамханаларға, ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынады.

Бұл талаптар бұзылған жағдайда бас бостандығын шектеу нақты бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, Nissan Cefiro Павлодарда Гагарин көшесі, 76/3 мекенжайы бойынша өртенген болатын. Облыстық ТЖД өрттің шығуына қасақана от қою себеп болғанынайтқан. Өрт аумағы 0,5 шаршы метрді құрады.