Аймақтар • 11 Наурыз, 2021

Алматылықтар жаяу жүргіншілер жолының сапасына шағымданды

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тұрғындары апатты жағдайдағы жол жиегіне қатысты алаңдаушылық білдіруде. Жағдайға қатысты Бостандық аудандық әкімдігі ресми мәлімдеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматылықтар жаяу жүргіншілер жолының сапасына шағымданды

Бостандық ауданы әкімдігінің коммуналдық шаруашылық бөлімінде бұл жағдайға түсініктеме берілді. Департамент бұл аумақта 2019-2020 жылдары электр кабелін тарту жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Мәлімдемеде жобаға тапсырыс беруші - «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, жұмысты орындаған мердігер «Бадимус Строй» ЖШС екені айтылған.

Алатау Жарық Компаниясы жаяу жүргіншілер жолы қысқа мерзімде қалпына келтірілетінін айтып уәде беріп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жүргізушілер Төле би көшесінде пайда болған үлкен шұңқырға шағымданған еді.