Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жобалық офисінің жұмысымен танысты.
Жобалық кеңсенің жалпы ұйымдастыру кезеңі аяқталған. Ғалымдар мен сарапшылардан құралған 11 жұмыс тобының жасақталғаны, архивтік құжаттарды жинақтау, зерделеу және Мемлекеттік комиссия қорытындысына дайындаудың әдістемесі мен ережесі әзірленді. Өңірлерде құрылған комиссиялардың жұмысы жандана бастаған.