Оқыс оқиғаның орын алуына жылыту жүйесіндегі судың қатты қайнауы себеп болған. Жарылыс салдарынан қазандықтың бір қабырғасы құлаған. Абырой болғанда қаза тапқандар жоқ.
Білім ошағында оқитын 114 оқушы оқыс оқиға орын алған кезде қашықтықтан білім алып жатқан болатын. Қазір себеп-салдары анықталуда.