Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 15 қылмыс ашылды. Бейнебақылаушылар азаматтардан келіп түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында барлық күдікті әрекеттерді, адамдардың мінез-құлқын және камераға түскен күмәнді адамдарды жедел тексереді.
Осы жылдың 6 наурызында кезекшілікке түскен Жедел басқару орталығының инспекторы, полиция майоры Айнұр Усманова таңғы сағат 05:30 шамасында бейнекамерамен шолу барысында түнгі клуб алдында төбелес болып жатқандығын байқап, дереу патрульдік полиция нарядын жібереді.
Сол жерден дене жарақатын алған бір азамат дереу медициналық мекемеге жеткізілген. Оқиға орында күдікті ұсталды. Кейін бұзақының 24 жастағы қала тұрғыны екені анықталып, қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетейік, жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 2426 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 1836 жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталған.