Аймақтар • 12 Наурыз, 2021

Солтүстік Қазақстанда жолда бірнеше көлік соқтығысып қалды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында ақтүтек боранның салдарынан автожолда бірнеше көлік соқтығысты, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz

Солтүстік Қазақстанда жолда бірнеше көлік соқтығысып қалды

СҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 11 наурыз күні болды. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 824-шақырымында жолды қар алып қалып, ГАЗель көлігінің жүргізушісі амалсыздан тоқтаған. Сол бағытта келе жатқан екінші «ГАЗель» көлігінің жүргізушісі бораннан алдында тоқтап тұрған машинаны көрмей, соққан. Оның соңынан келе жатқан «Toyota Hilux» автокөлігінің жүргізушісі жолдағы жағдайды кеш байқап, апатқа ұшыраған машиналармен соқтығысқан.

Ал КАМАЗ көлігінің жүргізушісі апаттан қашып жол жиегіне түсіп кетті. Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. СҚО-да бірнеше күннен бері боран басылмай тұр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты кеше 11 наурыз күні сағат 15.00 шамасында барлық бағыт бойынша автожолдар жабылды.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37